Араның ұясы
Бөлімi: "Шаңырақ-Игілік" ҚБ | Пікір жазылмаған » | Автор: "Қазақ" Халықаралық Интернет ГазетіШілікті өзені ауылында жағалай ағады. Жағасы қалың шілік. Арғы беті самсаған тал. Қыста ернеуіне дейін мұз құрсаулап жатады. Көктемде ағыл-тегіл сел жүреді де, жаз шығысымен суы тартылып, таяздап қалады. Ең терең жерінің өзі тізеден аспайды. Сонда да болса ауыл балалары Шіліктінің суынан шықпайды.
Өзеннің жарқабақ тұсынан ағатын бір бұрылысы бар. Балалар сол тұстың астын қазып, тереңдеткен. Судың алдын шыммен бөгеп, тоспа жасаған. Тереңдігі белуардан келеді. Бес-алты бала суға түссе, қалғаны кезек күтіп қарап тұрады.
Тоспа үстінен төніп тұрған жарқабақта жабайы араның ұясы бар.
Балалардың арада, аралардың балаларда жұмысы жоқ. Әркім өз тіршілігімен жүре беретін.
Бірде сотқар Серік тұрып:
-Аралардың ұясына су шашайық . Қайтер екен, Ә? –дегені.
-Шағып алса ше?
-Шақпайды. Бізге қарай ұшып келе жатса, суға сүңгіп кетеміз.
Балалардың бес-алтауы қатар түзеп тұра қалды. Суды қос қолдап жар қабақтағы араладың ұяларына шашып жатыр. Жағалаудағылар қалың шіліктің арасына жасырынып, сығалап қарап тұр.
Су шашып тұрғандар өз әбестігіне мәз.
Кенет аралар топтасып алып, бір шөкім қара бұлт сияқтытүйдегімен өзен бітіне қарай шүйлікті. Суда тұрған балалар бірін-бірі итермелеп, жан соуғалай бастады. Таяз жерге тұра салған Серіктің тақыр басы суға батпай қалды. Қос қолдап өз басын өзі сабалай бастады. Аралар жабысқан жерінен айырылар емес. Серік судан шыға салып, айқайлаған бетті ауылға қарай зытты. Аралар оны қумады.Әлгі «ара-юұлт» түйдегімен өзін үстінде әлі төніп тұр. Екі қолын, білегін де дуыддата шағады. Әжесі Серіктің басына айран жағып отырып:
Қанат Қайым
-Жазықсыз жәндікке өзің тиіспесең, ол да саған соқтықпайды, - дейді.


