QazaQ.kz » Шет елде

АҚШ Президенті осы елдің экономикалық жағдайының нашар екендігін мойындады
АҚШ Президенті өз елінің экономикасының қиын жағдай екендігін мойындады.

АҚШ Президенті Барак Обама өзінің президенттікке келген 21 ай ішінде елдің экономикасы әлі де өзіне берік негіз құра алмады деп мойындады.

Ол бұл қиын жағдайдың себебін Республикандық партиядағы өзінің саяси бақталастарының саботаждық әрекеттеріне байланысты деп санайды.

АҚШ Президенті ел экономикасын тоқыраудан (дағдарыстан) шығаруға байланысты өз үкіметінің келешектегі бағдарламасына тоқтала келіп, өзінің саяси бақталастарын елдің экономикалық үдерісін жақсартуға ұмтылған оның барлық талпыныстарына кедергі жасайды деп айыптады.

Ол АҚШ экономикасы әлі де өте әлсіз жағдайда екендігін мойындады.

http://kazakh.irib.ir/index.php?option=com_content&task=view&id=10915

Иранда адамзат құқығы қорғалмайды деген Францияның байбаламы және Еуропадағы шындықтар
Француз жазушы және зерттеуші ғалым Форисон Холокаст тақрыбы туралы зерттеу жасау айыбымен 2006- жылғы маусымда сотталуы кезінде : Мен тек бір ғалым және ойшыл ретінде өз ойымды айтып, ғылыми ізденістермнің қортындыларын баяндаған болатынмын , алайда Франция үкіметі елде сөз бостандығы бар деп айтуына қайшы шындығында бұл елде сөз бостандығы жоқ , тіпті еркін ғылыми зерттеулерге де мүмкіндік жоқ деді.

Франция СІМ Бернар Кошнер Еуропалық Одақтан Иранда адамзат құқығы жаппай аяққа тапталуы деп отырған мәселеге байланысты бұл елдің сазайын беруін өтінді.

Ол жұма күні Еуропалық Одақтың сыртқы саясаты бойынша арнайы өкілі Катрин Штонға жазған хатында алдағы қыркүйектің 10-ы мен 11-інде өтетін Еуропалық Одаққа мүше елдер сыртқы істер министрлерінің саммитінде Иранда адамзат құқығын қолдау жөніндегі Еуропаның шаралары қарастырылсын деп ұсыныс білдірген.

Кошнер Еуропалық Одақтың сыртқы саясаты бойынша өкіліне жолдаған хатында түрлі қылмыс жасаған атап айтқанда әдейі кісі өлтіру айыбымен сотта айыпталған Иран азаматшасы Сәкине Аштияниді соттау тақырыбын Иранда адамзат құқығы бұзылуының бір фактісі ретінде атап көрсеткен. Кошнер сондай ақ, кейбір Еуропалық елдер оның ішінде Франция айдап салуда рөл атқарған Ирандағы оныншы президенттік сайлаулардан кейінгі көше толқуларына сілтеме жасап , Иранда мыңдаған адам тек көше шеруіне қатысып, өз ойын білдіргені себепті ұсталып, түрмеге қамалып, азапталды және кейбіреулері тіпті өлім жазасына кесілді деп байбалам салды.

Иранда адамзат құқығы бұзылуы жөніндегі ресми Париждің жалған даулары мынадай жағдайда айтылуда, Франция мен кейбір Еуропалық елдердің сығандарды ұжымдық түрде Румынияға қуудағы адамзатқа қарсы қатігез қылықтарына деген алаңдаушылық пен сын айтулар Еуропадағы күн тақырыбына айналып отыр.

Еуропада атап айтқанда Францияда мигранттарға мінез көрсету және азаматтардың құқығын елемеу құпия түрмелердің болуы мен азаптау, әйел құқығының бұзылуы және оларға дөрекілік көрсету, хижапты оқушыларды білім алудан мақұрым ету Франция мен Еуропада адамзат құқығы бұзылуының көрсеткіштеріне жатады. Франциядағы 5 миллион мұсылман азшылығы қазіргі таңда бұл елдің ұлттық мәжілісінде тіпті бір ғана өкілі жоқ. Еуропада сөз бостандығы аяққа тапталуы шындық. Осы мәселе Форисон мен Роже Гародидің Холокаст жөнінде тергеу жасау айыбымен сотталуында паш болды.

Француз жазушы және зерттеуші ғалым Форисон Холокаст тақрыбы туралы зерттеу жасау айыбымен 2006- жылғы маусымда сотталуы кезінде : Мен тек бір ғалым және ойшыл ретінде өз ойымды айтып, ғылыми ізденістермнің қортындыларын баяндаған болатынмын , алайда Франция үкіметі елде сөз бостандығы бар деп айтуына қайшы шындығында бұл елде сөз бостандығы жоқ , тіпті еркін ғылыми зерттеулерге де мүмкіндік жоқ деді. Әлбетте өткенде де Америкада Дэвидилер сектасының мүшелерін өртеу және Канададағы жергілікті ұлтты қырып жою сияқты мәселелерде батыстағы адамзат құқығының шын критерилері талай рет байқалған.

Бүгінгі адамзат құқығын қорғаушысымақтар Израильдің Газадағы соғыс қылмыстарын айыптаған қарарға оң дауыс бермей , сионистік режимді соттау жөніндегі халықаралық қоғамдастықтың талабына қарсылық танытқан елдер болып табылады.

Шын мәнінде астамшыл алпауыттар адамзат құқығы туралы жанашыр әдебиетпен бірге тұрғы ұстанып , шындықтарды жоққа шығарумен өздерінің әбден бұзылған шырайын өңдеуді мақсат тұтып отыр.

http://kazakh.irib.ir/index.php?option=com_content&task=view&id=10878&Itemid=16

Қырғыздарға тыныштық керек
Қырғызстан халқының саясиланып кеткені сонша, саяси акцияға шық­қан халық 5-6 баллдық жер дүмпуі­не пысқырып та қарамаған көріне­ді. Осының өзі халықтың күнделік­ті тұрмыстан алшақтап кеткенін айғақ­тап тұр. Алда елді парламент­тік бас­қару жүйесіне бас­тайтын сайлау нау­қаны жақын­дап келеді. Қырғыздар үшін ендігі мәселе – сол сайлауды “сайқал саясатқа” салмай, абыроймен өткізу. Кезекті саяси тартысты елдің экономикасы да, тұрғындарының жүйкесі де көтермейтін түрі бар…

Төскейде малы, төсекте басы қо­сылған қырғыз ағайындардың басындағы жағдай әлі де тұрақ­танды деп айту қиын. Әсіресе, ел гуманитарлық көмекке зәру. Еліміз ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төр­ағасы ретінде және өзі тара­пынан Қыр­ғызстанға жан-жақты көмек беріп келеді. Жақында Ереван қа­ла­сында өткен Ұжымдық қауіпсіз­дік туралы шарт ұйымына мүше мем­лекеттер басшыларының бей­ресми кез­десуін­де Қырғызстанға жан-жақты көмек көрсету қажет деп танылды. Осының өзі көршілес жатқан елдегі жағдайдың әлі де қол­дауды қажет ететіндігін көрсетеді.

Әне-міне дегенше оқу жылы да жа­қындап қалды. Алайда Қырғыз­стан алдағы оқу жылына сақадай сай дайын отыр дей алмайсың. Мәселен, Бішкек қаласының мэрі Иса Омарқұловтың мәліметіне қарағанда, бір қырғыз астанасының өзінде 345 мұғалімге және 30 мың оқушыға орын жетіспейді екен. Қазіргі таңда ел астанасының білім беру жүйесіне 2010-2011 оқу жы­лы­на 900 миллион сом қарасты­ры­лыпты. Ал өзбек мектептеріндегі оқулықтар негізінен Қазақстанда басып шығарылған. Ұлтаралық қақтығыс орын алған Ош қаласы мэриясының алдына жинал­ған ата-аналар өз балаларының қауіп­сіздігіне кепілдік берілмесе, онда мектепке жібермейтіндіктерін ай­тып шағымдануда көрінеді. Өйт­кені, орын алған қақтығыстардан қаланың көптеген кварталдары жапа шеккен болатын. Қазір осы квар­талдар тұрғындары өз бала­ларының тағдырына алаңдаулы.

Бішкектегі шілде айындағы қанды оқиға елді тығырыққа тіреп қана қоймай, ел тұрғындарының жүй­кесіне теріс әсер еткені де мәлім. Бұл жөнінде Дүниежүзілік ден­саулық сақтау ұйымының Қыр­ғызстандағы офисінің жетекшісі Оскон Молдо­кулов Бішкек, Ош және Жалалабад облыстарының психотерапевтері мен психиатрлары арасында арнайы тренинг өткізу барысында тілге тиек етті. “Рес­пуб­ликаның оңтүстігінде орын алған маусымдағы оқиғалардан кейін 100 мың адам психоәлеуметтік көмекті қажет етеді”, деді ол. 7 маусым күні оппозицияның қырғыз астана­сын­дағы акциясы барысында 2 адам қаза тауып, тағы 90-ы жа­раланған болатын. Мұндай акциялар қазір де тоқтар емес. Мәсе­лен, кеше Қыр­ғызстан астанасын­дағы қалалық сот ғимараты алдында Ұлт қауіп­сіздігі мемлекеттік қызметі “Альфа” құ­ры­лымының қызметкер­леріне қатысты шешімді өзгерту туралы талаппен акция өткізілді. Арнайы құрылым басшысы Алмаз Жолдо­ша­лиевті қоса алғанда альфалық­тарға 2010 жылы 7 сәуірде ҚСДП офисінің алдында қаруларын жо­ғалт­ты, заңсыз бұйрықты орын­дады, сондай-ақ Үкімет үйі алдына жиналғандарға оқ атты деген айыптар тағылып отыр.

Осы акцияның өзінен халықтың заңдылыққа жүгінуден гөрі кейбір жеке тұлғаларға иек артатыны байқалып қалып отыр. Жақында Ош қаласының мэрі Мелис Мыр­заакматовты қолдауға байланысты мыңдаған адамды жинаған үлкен акция болып өтуінің өзі осы сөзі­міздің айғағы болса керек. Сарап­шы­лар аталған оқиғаны сәуір айын­дағы қанды оқиғаның сарқын­шағы деп бағалауда. Қалай болған күнде бұл жәйт билікке ой салса керек.

Қырғызстанның оңтүстік астана­сы атанып кеткен сол Ош қаласында ұнға деген баға өсіп кеткен. Қазіргі таңда бір қап ұнның бағасы 250-300 сомға бағаланып отырған көрінеді. Бұл, әрине, өз кезегінде қарапайым тұтынушы­лардың қалталарын қағуда. Ресей Федерациясындағы құрғақшылық, одан қалса көршілеріміздегі өңдел­мей қалған жерлер өз дегенін істе­ген сыңайлы. Баткен облысында судың тапшылығынан 6 мың гектар алқап құрғап жатқаны, ал Шу облысы Жайылым ауданындағы 5 мың гектар жердің өнделмегені осы айтылған сөзіміздің айқын айғағы. Осыған орай Қырғызстан ұнға салынатын салық мөлшерін кило­сына үш сомнан бір сомға дейін төмендеткені мәлім болып отыр.

Бұл бұл ма, Ош және Жала­ла­бад қалалары тұрғындарын тағы бір мәселе мазалайды. Осы қалаларды жөндеу және қайта қалпына келтіру дирекциясының директоры Жан­торо Сатыбалдиевтің айтуынша, егер қыс мерзімінен бұрын түсетін болса, онда Қырғызстанның оңтүс­тігіндегі жапа шеккендер уақытша баспаналарда тұра тұруларына тура келеді екен. Дирекция 1 мың 836 үй тұрғызуды жоспарлап отыр. Енді сол іргетастары қаланған баспа­на­ларды қар түскенше салып бітіру оңай шаруа болмайын деп тұр.

Оның үстіне ақша және ма­териалдық құндылықтарды жым­қыру 2010 жылдың жартыжылды­ғын­да өткен жылдың осы мерзі­мімен са­лыс­тырғанда 55 есе өскен. Есеп па­латасы осындай мәлімет таратыпты. Қаржылық заң бұзушы­лық салдары­нан келген зиян 5 есе артып, 663 мил­лион 300 мың сом­ды құраған. Бұдан басқа Қырғыз­станның мем­лекеттік қарызы шілде айындағы көрсеткіш бойын­ша 8 миллиард 519 миллион сомға жеткені өзіндік қиындықтар ту­ғызары айтпаса да түсінікті. Қалай болған күнде де Қырғызстанның өзгелердің көмегіне зәрулігі күшейе түсетіні аңғарылады. Түркия Ош пен Жалалабад қалала­рын қайта қалпына келтіруге деп 11 миллион доллар бөлетін болып шешім қабыл­даған.

Бұған дейін Қазақстан жақын көршісіне 20 миллион доллар төңі­регінде және донорлық конферен­ция өткізу тұрғысында көмек қо­лын созған еді. ҰҚШҰ-ға мүше мем­ле­кеттер басшыларының бей­рес­ми кездесуінде мәлімдеме жаса­ған Ресей Президенті Дмитрий Мед­ведев Қырғызстанға жан-жақты көмек көрсету туралы шешім қа­был­дайтындығын хабарлады. Мұны ЕҚЫҰ Іс басындағы төраға­сының басты жетістігі деп бағалаған жөн.

Қорыта келгенде айтарымыз, Қырғызстан халқының саясиланып кеткені сонша, саяси акцияға шық­қан халық 5-6 баллдық жер дүмпуі­не пысқырып та қарамаған көріне­ді. Осының өзі халықтың күнделік­ті тұрмыстан алшақтап кеткенін айғақ­тап тұр. Алда елді парламент­тік бас­қару жүйесіне бас­тайтын сайлау нау­қаны жақын­дап келеді. Қырғыздар үшін ендігі мәселе – сол сайлауды “сайқал саясатқа” салмай, абыроймен өткізу. Кезекті саяси тартысты елдің экономикасы да, тұрғындарының жүйкесі де көтермейтін түрі бар…

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.

http://www.egemen.kz/14644.html

Бөгделер аймақтағы мазасыздыққа себепкер
Әлем бойынша беделден жұрдай болып, сенім артудан қалған АҚШ қайраткерлері жалған сөйлеп, қауіпсіздіктің ізіндеміз және лаңкестікпен күресіміз деп байбалам салумен АҚШ-тың араласушылық саясатының жемісі болып табылатын шынайы қоқан лоқылардың себептері мен негізгі тамырларын жасыру ниеті бар. Дегенмен Америкалық күштер мен НАТО аймақта болғалы бері лаңкестіктің тамыры жойылудың орнына АҚШ және НАТО қолдап отырған терроризм қанат жайған.

Иран ислам республикасының президенті Махмуд Ахмадинежад Катардың Әлшарқ және Пенин Сола газеттеріне берген сұхбатында Таяу Шығыс түйткілдері бөгделердің бұл аймақта болуынан туындап отыр деп білді.

Махмуд Ахмадинежад сонымен бірге, бұл килігулер жаңа тақырып емес, алайда аймақ елдері шынайы ықпал алу нүктесінен өткен, бұған қоса, батыстықтар да бұрынғыға қарағанда осал тұрғыда тұр және батыс елдерінің килігулері Парсы Шығанағы өңіріндегі елдердің әлсіреуіне және қарым қатынасы азаюына себеп болмайды деп кесіп айтты.

Елбасы Иранның Иракқа қатысты стратегиясы жөнінде де: Иран мен Ирак көршілес және бауыр мемлекет. Екі елдің халқы бір бірімен тарихи байлпанысқа ие дей келе: Иран ислам республикасы біріккен, дамыған және қуатты Ирактың болуын баршаға пайдалы деп білетінін кесіп айтты. Ахмадинежад егер басқыншылар килікпесе, Ирак жұрты өзі өзін басқара алады деп баса айтты.

Қазір бір онжылдықтан астам уақыт бойы бөгделер аймақтан мыңдаған шақырым қашықтықтан килігу үшін кез келген мұрсатты пайдаланып, аймақта қауіпсіздік және демократияның ізіндеміз деген сылтаумен Таяу Шығысты мазасыздандырып, Иран және Парсы Шығанағы аймағындағы араб елдердің арасына іріткі салудың және байланыстарында сенімсіздік қалыптастырудың ізінде. Олар өздерінің іріткі салушылық мақсаттарын ілгерлету үшін Ираннан үркітуден Парсы Шығанағына жалған атау беруге дейін барлық айла шарғыларды қолданған, алайда Парсы Шығанағындағы көршілес елдердің парасаттылығы олардың килігугіне жол бермейді. Шын мәнінде қазір Америкалық күштер Ирак және Ауғанстанда табан тіреп отырғанымен, бірақ бұл елдерде қауіпсіздік жоқтың қасы, шындығында Ирактағы мазасыздықтардың маңызды бөлімі Америкалық күштердің болуынан туындап отыр. Ауғанстанда аймақ тарихы көрсеткендей, басқыншылық сәтсіздікке ұрынған саясат болып табылады, өйткені басқыншылардың өзі қалыптастырған аймақтағы қиыншылықтарды бомба және зымыран мен шешуге болмайды.

Әлем бойынша беделден жұрдай болып, сенім артудан қалған АҚШ қайраткерлері жалған сөйлеп, қауіпсіздіктің ізіндеміз және лаңкестікпен күресіміз деп байбалам салумен АҚШ-тың араласушылық саясатының жемісі болып табылатын шынайы қоқан лоқылардың себептері мен негізгі тамырларын жасыру ниеті бар. Дегенмен Америкалық күштер мен НАТО аймақта болғалы бері лаңкестіктің тамыры жойылудың орнына АҚШ және НАТО қолдап отырған терроризм қанат жайған. Қолда бар айғақтар аймақтағы лаңкестік жаппай жорыққа шығулардың артында тамырын кеңге жайғанын көрсетеді және халықаралық әрі құқықтық міндеттеменің болмауы себепті лаңкестікке нүкте қоюға еш әсерлі қадам жасалмайды. Бөгде әскерилердің аймақта болуының нәтижесі болып табылатын бұл үрдістің жалғасуы аймақта мазасыздыққа себепші болып отыр.

http://kazakh.irib.ir/index.php?option=com_content&task=view&id=10837&Itemid=16

Саяси сөздер, әлде қияли әлем?
Режиссер Майк Ньюэллдің “Prince of Persia: The Sands of Time” (Парсы ханзадасы, заманның қиыршық құмдары) атты киносының қойылуы киномотографиялық сыншылар арасында түрлі сындарға тап болды. Бұл кино осындай атпен аталған бір компьютерлік ойыннан алынған.

“Ирандық ханзада” компьютерлік ойындар жиынтығы 2002-2005 жылдары аралығында шығарылды. 2007 жылы “Walt Disney” компаниясы осы ойынның негізі бойынша кино түсіруге кірісті. “Парсы ханзадасы, заманның қиыршық құмдары” киносы ағымдағы жылдың маусым айынан таратыла бастады және көптеген қойылым салондарында көрсетілді. Бірақ көп сатылмады және халық пен сыншылар арасында беделге ие бола алмады. Бірақ бір ойынның негізі бойынша түсірілген кино неге табысқа жетпеді?

Киноның дастанына бірге тоқталайық. Элемут – Таһмине атты ханшайым билік жүргізетін әдемі және қасиетті қала. Иран патшасының ұлы осы қалаға шабуыл жасайды да, бұл қаланы басып алады. Элемут болжаушылары ғасырлар бойы бір қанжарды жасырып сақтайды, өйткені олардың сенімінше, бұл қанжарға біреудің қолы жетсе, уақытты кері қайтарып, әлем тағдырын өзгерте алады, тіпті осы қанжар әлемді де құрта алады деп сенеді. Қанжар бірқатар оқиғалардан кейін Иран императорының өгей ұлы Дастанның қолына келеді. Бір астыртын әрекеттің кесірінен Дастан қашып кетеді. Сондықтан Таһмине қанжарды қайтып алу үшін оны қудалайды. Киноның орта кезінде Дастанның ағасы қанжарды пайдаланып, әлем өркениетін жойып жібергісі келетіні анықталады. Сондықтан Дастан соңғы сәтте әлемнің жойылуының алдын алады, қанжардың көмегімен уақытты кері қайтарып, оқиғаларды өзгертеді.

“Парсы ханзадасы” фильмі – қияли кеңістіктің көмегімен ақиқатты және тығырыққа тірелген саяси мәселелерді шешу үшін Голливудтың соңғы талпыныстарының бірі. “Парсы ханзадасы” фильмінде бір кісінің баққұмарлығын барлық жүйеге жалпылауға болмайды деген мәселе өте қарапайым көрсетіледі. Осы киноны шығарушылардың көзқарастарынша, алпауыт құдыреттердің кішірек елдердің қару-жарақтарын жою үшін оларға шабуыл жасауы – табиғи, сондықтан мұны зорлық деп атауға болмайды. Киноның сценарийін жазушылар “бір қызықты фильм түсіруді көздедік” деп арызданғандарымен, Таяу Шығыс және Иракта жаппай қырып-жою қарулары бар деген тақырыптарды қозғау фильмді осы қазіргі заманға байланыстырады.

“Тайм” басылымының сынаушысы Ричард Курлиз бұл фильмнің түсірілуін қазіргі әлемнің саяси кеңісітігінің жағдайы бойынша түсірілген деп біліп, өз мақаласында былай деп жазды: “”Парсы ханзадасы” фильмі – шын мәнінде Иракқа шабуыл жасауға қарсылық білдіргендер үшін бір саяси фильм. Бұл кинода бір император інісі берген мағлұматтар бойынша кішкентай қалаға шабуыл жасайды. Императорға бұл қалада жаппай қырып-жоятын қарулар сақталады деп айтылған.”

“Парсы ханзадасы” фильмінің бір түйткілі, кино өте жалпы түсірілген, тіпті Ирак соғысына қатысты фильмде келтірілген мәселелер жалпы және өткінші. Фильмнің сырт көрінісі және оның диалогтары бауырластық аясында және ахлақтық үндеулерді жеткізуді баса айтады. Бірақ тұлғалар өздерін сақтап қалу үшін адамдарды қырады. Тұлғалардың жамандықтан жақсылыққа өзгеруі өте тез және ешқандай алғы жағдайсыз жасалады. Сондықтан бұл ойдың арты құр. Осы негіз фильм мен оның компьютерлік ойынын салыстырғанда компьютерлік ойын көбірек ұпай алуына және бір орташа фильм құндылығына ие болмауына себеп болған. “Гаридиан” газетінің жазушысы Дэвид Кокс бұл туралы: “”Парсы ханзадасы” фильмі сырттай өте қызықты, бірақ жалпы алғанда фильм құнсыз. Тұлғалар белгілі сипаттарға ие емес, диалогтар – өте қарапайым және оқиға білместіктен жасалған. Бұл кинода біз тұлғалар тағдырына ешқандай алаңдамаймыз.

Фильм қаһарманы Дастан қабырғадан жоғары шығады да, дұшпандарын ешқандай қиындықсыз өлтіреді, ғашық болады және сиқырлы қанжарды алады. Бірақ бұлардың барлығы-дерлік бір ойынға оң нүкте саналады, бір фильмге емес. Фильм көрерменді қызықтыруы керек, бірақ “Парсы ханзадасы” фильмі мұны жасай алмады,”- деп жазады.

Фильмдегі тұлғалардың есімдері мен дастанның кейбір бөлімдері ирандық есімдер мен Иран тарихының оқиғаларына сай келеді. Фильмнің жазушылары дастанды Хасан Саббаһ және Исмаийлие тайпасының тұрмысы ертегісі бойынша жазған, бірақ бұл тарихи оқиғаның көптеген жерлеріне өзгерістер жасалған. Осы жайттың өзі де тарихта тым анық емес және оған қиялдар қосылған. Есімдер ирандық болғанымен, Иран тарихы мен әдебиетіндегі олардың үлгілерімен байланысты емес және нақтырақ қарасақ, араб және үнді ертегілеріне көбірек ұқсайды.

“Парсы ханзадасы” фильмі Мароккода түсірілген, сондықтан фильмнің музыкасы, сахнасын безендіру, киім-кешек тіпті актерлерді таңдау және әскерилердің қара түсті болуларынан араб және африкалық тұрмыс белгілері айқын көрінеді. Мұның анық көрінетіндігі сонша, тіпті фильмге көңіл беріп қарайтындардың ашуын көтерді. “Бостон клуб” апталығының бір жазушысы: “Бұл фильмді шығаруда бірде-бір, тіпті кемінде кеңесші ретінде де бір ирандықтың пайдаланылмауы, өте өкінішті жайт. Алайда фильмнің қойылымға қойылуынан бұрын оның қателіктерін еске салатын көптеген ирандықтар бар,”- деп жазады.

Голливуд Иран және Шығыс жайында жылдар бойы фильм шығарып келеді. Бірақ бұл киномотографияда Шығыс және Иран ақиқаттарын анық және айқын көрсететін фильм сирек кездеседі. Мұндай фильмдер шығарудың маңызды және алғашқы дәлелін Голливудтың саяси ойы деп атауға болатын шығар. Осы ой негізінше, “Қызымсыз ешқашан”, “300″ және осы “Парсы ханзадасы” секілді құнсыз туындылардың шығарылуына ұласты. Осындай туындыларда Голливуд АҚШ әскерінің бір бөлімі ретінде іске кіріскен және Иранға мәдени шабуылды фильм көріністері арқылы өз іс-жоспарына енгізіп отыр.

Мәдени, тарихи және діни шындықтарды бұрмалау арқылы Иранның жүзіне сызат түсіру – осы туындыларды шығарушылардың басты мақсаты. Бірақ әр хабардар және ақиқатқа көз ашып қараушы көрермен оны ажырата алады. Иран бұл туындыда тарихи шындықтан тым алшақ, тарихи және қияли өткен шақты ел ретінде немесе өзінің әлеуметтік тұрмысында қиын заңды, өркениетсіз халықты құрғақ жерді аймақ ретінде таныстырылады. Туынды мен Иран халқының тарихи және қазіргі тұрмысы құжаттарында келтірілгенмен алшақтығы, фильмді шығарушылар біліп тұрып, туындыларында Ираннан өтірік бейне көрсетпекші екенін анықтайды.

Бір компьютерлік сатылымды ойынның негізінше жасалған бұл фильмде тарихи оқиғалар дұрыс пайдаланылады деп кім күтеді? Бірақ қияли және армандар да осы фильмде дұрыс қолданылмаған. Қияли құрылым фильм шығарушыға дастан өзінің қисынды төңірегінде өтуіне мүмкіндік беруі керек, сондықтан қазіргі шындықтар мен оқиғаларды басқа өткен шақтағы жермен байланыстырып, бар нәрсені бір-бірімен араластырмау тиіс. Әрине бұл фильмнің түйткілі тарих шындығына көңіл аудармау ғана емес, бәлке фильмді АҚШ үкіметінің қазіргі әрекеттерін түсіндіруге пайдалану – “Парсы ханзадасы” фильмінің келесі әлсіздігі саналады. Осы негіздер Америка үкіметінің тойымсыздығына түсініктеме болу үшін бұл туындыны саяси-үгіттік бір фильм деңгейіне дейін қатты төмендетті.

АҚШ үкіметі және одақтастарының Иракқа шабуыл жасауы үшін айтылған арыздарының өтірік болғаны сонша, қазір осы елде олар өздерінің қылмыскер жүздерін әдемілеуге тырысып отыр. Олар қазір бірнеше жылға созылған бұл басқыншылықты қалай да болса түсіндірмекші және оны тек қана бірқатар қате мағлұматтардың нәтижесі деп сендіруге талпынуда. Кейде “Жасыл аймақ” секілді байсалды дастанды фильмдер түсіреді, ал кейде “Парсы ханзадасы” секілді қияли және жалпы фильмді қойылымға қояды. Бірақ бұлардың нәтижесі бірдей. Осындай фильмдерді түсіріп, көрініске қою Америка армиясының Ирактағы қылмыстарына көзжұмбайлық танытуға себеп бола алмайды.

http://kazakh.irib.ir/index.php?option=com_content&task=view&id=10706&Itemid=42

Сионизм – фашизмнің жаңа жүзі
Палестина дағдарысы 1948 жылы сионистік режим Палестина жерлерін жаулап алғаннан бері халықтар мен үкіметтер, әсіресе Ислам әлемінің көңіл бөлетін мәселесі болып отыр. Сионистік режим және оның Батыс тараптастары бұл тақырыпты аяқталған тақырып деп көрсеткісі келгенімен, палестиналықтардың күрестері, атап айтқанда олардың интефазалары, сондай-ақ, Ислам үмметінің Палестина халқына көрсетіп отырған қолдаулары Палестина мәселесінің Ислам дүниесінің ең маңызды тақырыбы ретінде баяндалуына себеп болды.

Иранның исламдық революциясының қазіргі таңдағы жетекшісі аятолла Хаменеи Палестина мәселесінің маңыздылығы туралы: “Осы кезде мұсылмандар арасында Палестина мәселесінен маңыздылау ешбір нәрсе жоқ. Бұл – Ислам әлемі дұшпандарының соңғы кезеңдерде мұсылмандардың басына әкеліп отырған ең үлкен пәлесі. Олар мұсылмандардың үйлерін қиратып, олардың қалауларымен күресіп, мұсылмандарға қарсы шабуыл жасауда,”- деді.

Әлемдіктердің Палестина мәселесіне бұрынғыдан артығырақ көңіл бөлуіне себеп болған соңғы күндердегі оқиға сионистік режим әскерилерінің Газа қоршауындағы халыққа азық-түлік пен дәрі-дәрмек әкеле жатқан кемелерге шабуылы болды. Сионистік режим бұл керуенге халықаралық суларда әуе шабуылын жасап, адамзат құқылары белсенділерінің 19-ын қаза етті және басқа ондаған адамды жаралады. Исламдық революцияның қазіргі таңдағы жетекшісі осы оқиғаға қатысты үндеуінде: “Газа халқына көмек көрсететін керуен негізінде әлемнің әртүрлі нүктелеріндегі халықтардың өкілдерінен болды,”- деп қуаттады. Ол дәл осы дәлелмен сионистік режим әскерінің “бейбітшілік” керуеніне шабуылына қатысты: “Бұл қылмыс барша үшін сионизмнің фашизмнің жаңа жүзі екенін айқындауы керек.

Бұл жолы азаттық және адамзат құқылары туралы жар салатын үкіметтер, атап айтқанда АҚШ үкіметінің сионизмді қолдайты әшкерленді,”- деп айтты. өткен жылдардағы Палестина халқының рақымсыз қырылуы және бұл халыққа қарсы террорлар сионизмнің фашизмнің бір түрі екенін нышан етті. Осы кезде сионистер Палестина халқына көмек көрсетуге келе жатқан басқа мемлекеттердің адамдарын қырып, өзінің жексұрындығын тағы да бір рет көрсетті,”- деді.

Газа секторының дағдарысы Палестина мен исламдық қорғаныс қозғалысы ХАМАС 2006 жылдың қаңтарында автономиялы құрылғысының Парламенттік сайлауында жеңіске жеткенінен басталды. Сол кезден сионистік режим және бұл режимнің Батыс тараптастары ХАМАС базасы саналатын Газаға қарсы қысымдарын күшейтті. Бұл қысымдар басып алынған Палестинаның батысындағы кішкентай аймақтың экономикалық қоршауға қалуына себеп болды. Аятолла Хаменеи Газа халқының өкінішті жағдайы туралы: “1,5 млн халықтың қоршауда болуынан 3 жыл өтті. Бұл мерзімде бұл аймаққа дәрі-дәрмек, азық-түлік, ауыз су, сондай-ақ, соғыста қиралған ғимараттарды жөндейтіндей құрылыс жабдықтарын жеткізуге тыйым салынып отыр,”- деді. Ол бұл амалды үрейлі деп атап, кейбір араб үкіметтерінің сионистік режимді қолдайтындарына өкініш білдірді.

Палестина халқын және жауынгерлерінің батыл қарсыласуына себеп болған 2008 жылдың соңғы күндеріндегі сионистік режимнің Газа секторына шабуылы 22 күннен кейін сионистерге еш нәтиже әкелмей аяқталды. Исламдық революцияның қазіргі таңдағы жетекшісі Газа халқының жігерлі табандылығы туралы: “Палестина халқы, Газа халқы тарихта өз атын қалдырды,”- деді. Ол, сондай-ақ, Газа мәселесі – бір халықтың мәселесі емес, бәлке бүкіл адамзат мәселесі,”- деп қуаттады. Исламдық революцияның қазіргі таңдағы жетекшісі өз жолдауында Палестина заңды үкіметінің Премьер-министрі Исмаил Ханиеге: “Сендердің бүгінгі күнге дейінгі жиһадтарың Америка, сионистік режим және олардың демеушілері, сондай-ақ, БҰҰ және исламдық үмметтің мұнафықтарын әшкерледі,”- деп жазды. Діни жетекшінің Ислам үмметінің мұнафықтары деп атап отырғаны – палестиналықтарға қиянат жасап отырған кейбір араб үкіметтері.

Аятолла Хаменеи сионистік режимнің Газаға гуманитарлық көмек әкеле жатқан керуенге жасаған фашистік қылмыстарына қатысты жолдауында бұл шабуылды үрейлі атап, бұл режимнің әлсіздігінің нышаны деп тапты. Ол Теһранның соңғы жұма намазы құтпаларында: “Неге теңіздің ортасына барып, шабуыл жасап, адамдарды қырдыңдар және жараладыңдар? Неге?”- деген сұрақтарды көтерді. “ИИР 30 жыл бойы Палестина мәселесін көтеріп отыр, бірақ екіжүзді және өтірікші батыстықтар бұл дауысты естімегендей болды. Бүгін барлық дүние өз көзімен олардың зұлымдарын көрді,”- деп жалғастырды.

Исламдық революцияның қазіргі таңдағы жетекшісі сионистердің Газа халқына азық-түлік пен дәрі-дәрмек әкеле жатқан керуенге шабуыл жасау дәлелдерін сараптап, келесі маңызды нүктеге тоқталып: “Аллаһтың демеуімен сионистер өздерінің абыройсыз өмірінің соңында өз қолымен өлімін жақындатты. Ливанға, одан кейін Газаға шабуыл – сионистерді құлдырауға жақындатқан ақылсыз әрекеттер. Жерорта теңізінде халықаралық көмек керуеніне шабуыл жасау – сионистердің тағы да бір ақымақ амалдарынан,”- деді. Халықтар мен үкіметтердің көбісінің Газа секторына гуманитарлық көмек әкеле жатқан керуен мүшелеріне шабуыл жасап, оларды қыруларына қатысты ашуларының көтерілуі сионистік режимнің адамгершілікке жатпайтын және қылмысты болмысын нышан етеді. Сионистік режим бұл әрекетімен өзін әшкерледі.

Діни жетекшінің қуаттайтын тағы да бір маңызды тақырыбы – Газаға көмек көрсететін кемелер аттануының жалғасуы. Ол: “Зұлым сионист үкіметі мен одақтастары, әсіресе АҚШ пен Ұлыбритания әлемдік қауымдастықтың тізе бүкпейтін ықыласы мен ождан оянуын көріп, сезуі үшін Газаға кемелерді жіберу жұмысы түрлі әдістермен сан рет қайталануы керек,”- деп қосты. Қазіргі кезде әртүрлі мемлекеттер, атап айтқанда Иран Газаның езілген халқына азық-түлік және дәрі-дәрмек көмектері тиелген кемесін жіберуге әзірлігін жариялады. Сондай-ақ бұл жолы сионистік режимге қарсы үгіттер толқыны кеңінен таралды. “Бейбітшілік” керуеніне жасалған шабуылдан бірнеше күн өткеннен кейін палестиналықтарға гуманитарлық көмек жеткізбекші болған кеме сионитік әскерилердің қолына түсті.

Аятолла Хаменеи Палестинаның азаттыққа жету жолы сионистік басқындарға қарсы қарсыласу деп тапты. Бұл қарсыласу Ливан мен Палестинада осы кезге дейін көңіл бөлетін нәтижелерге жетті және дұшпанға көптеген шығын әкелді. Аятолла Хаменеи: “Құдс жолы, Палестина жолы – Палестинаны құтқаратын жол және Палестина мәселесін тек күрес арқылы ғана шешуге болады,”- деді. Діни жетекші мұсылмандарды Палестина халқына көмек көрсетуге жігерлендіріп, Палестинаның исламдық көтерілісін қолдауды уәжіп деп тапты.

Ол “барлық халықтар Палестина халқына көмек көрсетуге міндетті” деп: “Барлық халықтар және барлық үкіметтер Палестинаның жағдайына жауапты. Адамгершілік туралы арызданатын әр үкімет мұсылман немесе мұсылман емес үкімет болса да, жауапты,”- деді.

Исламдық революцияның қазіргі таңдағы жетекшісінің назарынан Аллаһқа тәуекел ету Палестина халқының жеңісі үшін қажетті. Соңғы жылдарда Ирандағы исламдық революцияның жеңісі мен беделі Ливандағы исламдық қозғалыстың жетістіктері және Палестина халқының интефазасының жалғасуы – Жаратушыға сүйеніп, күресудің үш үлгісі.

Аятолла Хаменеи Палестина интефазасына қатысты: “Палестина халқының бастан кешкендері бұл халықтың интефазалары және негізгі қарсыласуы – таң қалдыратын құбылыс. Бұл Аллаһтың көмегімен жасалып отыр. Адамдар Газадағы барлық ащы оқиғаларды 22 күндік соғыс кезіндегі және одан кейінгі қысымдарды өз көзімен көріп отыр. Мұның бәріне қарамастан, Газа халқы – тау сияқты мықты. Бұл – ақиқат. Мұны көрмеуге болмайды,”- деп айтты. Ол “Аллаһтың көмегімен палестиналықтарға жарық болашақ туады” деп: “Палестиналық бауырлар мен қарындастар, Ұлы Аллаһқа сеніңдер! Өз құдыреттеріңе сеніңдер! Сөйтіп жеңіске жетесіңдер,”- деп айтады.

http://kazakh.irib.ir/index.php?option=com_content&task=view&id=9825&Itemid=42

Қытай Қырғызстанның дағдарысты жағдайына алаңдап отыр
Қытай үкіметінің Қырғызстанның дағдарысты жағдайына қатысты алаңдаушылығы жайында басылып шыққан мәлімдеме таң қалдырарлық. Өйткені БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің, ядролық клуп және ғарыш клубының мүшесі ретінде бір елдің өзгеріс үдерісіне байланысты алаңдаушылық білдірмеген еді. Бұндайда әлемнің жалпы ой-пікірі дүниежүзілік сахнада Қытайдың рөл атқаруын күтеді.

Қырғызстандағы дағдарысты жағдайға тиісті Қытай алаңдаушылығының негізгі дәлелі айқын. Қырғызстан – Қытайдың көршілес және дос елі, сондай-ақ, бұл елдің өзгерістер үдерісі екі себепті комунист Қытайға өте маңызды.

Егер Қырғызстандағы саяси өзгерістер мен әлеуметтік дағдарыстар АҚШ секілді шет елдер құзырына жағдай тудыруға қарай бағытталса, бұл мәселе Қытай үшін тиімсіз. Бұған қоса, егер Қырғызстанда саяси өзгерістер батысшыл үкіметтің билік басына келуіне қарай жасалса, бұл мәселе Қытай мен Ресей үшін де тиімсіз болады. Себебі бір тарихи және саяси дәстүр бойынша Орталық Азия және Кавказ Ресей мен Қытайдың алаңы есептеледі.

Орталық Азия және Кавказ мәселелері мамандарының сенімінше, Қытай мен Ресей ерекше құралдар мен механизмдерді ұстай отырып, осы арада Қырғызстандағы өзгерістерді олардың мүдделеріне қайшы келмейтін бағытқа қарай бағыттай алады. Бұндайда сепаратистік ағымдар мен лаңкестік топтар осындай дағдарыстардан шығады және бұл Қытайға жақпайды.

Ташкент қаласында өткен ШЫҰ басшыларының отырысында Қырғызстандағы дағдарысты жағдай талқыланды, бірақ Шанхай мүшелері Қырғызстанда туып отырған тығырықтан қалай шығуға көмектесуге ешқандай шара таппады. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан, Қытай мен Ресей Федерациясы – ШЫҰ-на мүше. Шанхайға мүше алты елдің дейін басқалардың ішкі мәселелеріне сындарлы ықпал ету үшін осы күнге дейін механизмі жоқ.

Осы механизмнің жоқтығы дағдарысқа тап болып отырған Қырғызстанды Қытай және Ресей стратегиясынан алыстатып отырған болар. Бұл мәселе Шанхайдың екі негізгі мүшесінің ұстанымына қайшы келетіні сөзсіз. Жоғарыда айтылып кеткендей, Қытайдың дағдарысты Қырғызстанға алаңдап отырғанының негізгі дәлелі де – осы мәселе. Қандай да болмасын сылтаумен Америка әскерилерінің Қырғызстандағы құзыры – аймақ үшін қоқан-лоқы екенін Қытай мен Ресей анық біледі.

Қырғызстан қазіргі кезде тағы бір Ауғанстанға айналып жатыр және бұл мәселе шындыққа айналғанға дейін Қырғызстанда кедергі жасаушы саяси топтардың пайда болуын күтуге болады. Бұған қоса, мұндай үдерістің жалғасуы Орталық Азия мен Кавказда АҚШ әскери күштерінің құзырын жеңілдетеді.ресейдің кейбір мамандарының айтуынша, Қырғызстандағы саяси жағдайдың шиеленісуі және қауымдық қақтығыстың пайда болуы Вашингтон және Лондонның жоспары бойынша іске асады.

Бірақ Вашингтон мен Лондон қайраткерлері болса, дау-дамай көтеріп, Қырғызстандағы дағдарысқа басқаларды кінәлайды. Қытай да Қырғызстандағы жағдайға жанама түрде Батыс айыпты деп біледі. Егер Шанхай мүшелерінің бірі ұйымнан алыстайтын болса, АҚШ бұл мұрсаттан саяси тұрғыға пайдаланатыны және егер де Шанхай мүшелігінен шыққан бір мүше екі немесе үш мүшеге айналса, Шанхайдың негізгі мүшесі ретінде Қытай мен Ресейді стратегиялар аясында шара қолдануға мәжбүрлейтініне күмән жоқ.

http://kazakh.irib.ir/index.php?option=com_content&task=view&id=9937&Itemid=16

Р.Отынбаева: Оңтүстікте 192-ден 10 есе көп адам қаза тапты
Қырғызстанның оңтүстігіндегі қаза болғандардың саны ресми мәліметтен 10 есе асады. Қырғызстанның уақытша үкіметінің төрайымы Роза Отынбаева Ресейдің «Коммерсантъ» газетіне берген сұхбатында осылай деп мәлімдеп, халықаралық Қызыл Крест комитетінің дерегін растады.

Соңғы ресми мәлімет бойынша, 192 адам қақтығыстардың құрбаны болды.

Жұма күні Р.Отынбаева қанды қақтығыс жайлаған Ош қаласына барды. Қалада ол ұлтаралық қақтығыстың салдарынан зардап шеккендер жатқан ауруханаға бас сұғып, қаланың әкімдігімен келіссөз өткізді.

Жұма күні Қырғызстанға АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының көмекшісі Роберт Блэйк те келуге тиіс. Ол ондаған мың босқынға қанша қайырымдылық көмегінің қажет болатынын анықтамақшы.

http://www.azattyq.org/archive/news/20100618/330/330.html?id=2075458

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Израйльдің қылмыстарын айыптаудың орнына Иранға қарсы қарар шығарады
Иран Сыртқы істер министрі Муттаки: Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері сионистік режимнің қылмыстарын айыптаудың орнына Иранның бейбіт және айқын атомдық жұмыстарына қарсы қарар шығарады,-деді.

Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымы басшыларының 10-шы саммитында Манучехр Муттаки “ИИР-дың ізгі ниеті мен нақты іс-шарасының жауабы – саяси, әділетсіз және әлемдік қоғам мен құқтық қолдаусыз санкция ма?” деген сұрақ қозғап: Қауіпсіздік кеңесінің саяси абыройын бұдан әрі түсірмеңіздер,-деп кеңес айтты.

Иран Сыртқы істер министрі: халықаралық қауымдастықтың мүшесі ретінде ИИР әрдайым халықаралық ережелер мен заңдарға беріктігін дәлелдеді және өткен бес жылда өз ұстанымдарын түсіндіріп, атомдық салада нақты іс-шаралар атқарды,-деп айқындады.

http://kazakh.irib.ir/index.php?option=com_content&task=view&id=9870

Қауіпсіздік кеңесінің Иранға қарсы қарары – үлкен қателік

Қауіпсіздік кеңесінің сындар толықын тудырған 1929-ші қарары, әлі де саяси және ақпараттық орталардың басты айдары болып отыр.

Иран ислам республикасының президенті Махмуд Ахмадинежад жұма күні Қытайға сапары аяқталмас бұрын тілшілермен сұхбатында: Қауіпсіздік кеңесі ұлттарға тиесілі емес бәлке Американың қолындағы құрал және бұл қарар осы Кеңеске жіберілген оқ,-деді. “Қауіпсіздік кеңесі оның бесеуінде ядролық қару бар 15 мүшеден тұрады, олар ядролық қуат өз монополияларында қалдыруды қалайды, сондықтан әр-түрлі сылтаумен басқа халықтардың дамуына кедергі жасайды”,-деді президент. Ахмадинежадтың айтуынша, бұл Кеңестің 4 мүшесі капиталистік болкқа кіреді және 60 жыл ішінде бірде-бір рет тәуелсіз дауыс бермеген. АҚШ үкіметі өткен 30 жылда түрлі сылтаулармен Иран халқына қарсы әрекеттер жасады, сондықтан қазіргі таңда атомдық мәселе сылтауымен Иран халқына қарсы қысым жасауы жаңа тақырып емес. Дегенмен бұл арадағы ойландыратын нүкте, Америка Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің Иранға қарсы қарар бекітуге қолдауын алу үшін барлық тетіктерді пайдаланды, алайда, осы елдердің қайраткерлері бұл шараны тиімсіз ғана емес бәлке мемлекеттер арасындағы байланыстарда тұрақсыздыққа себепші болады, деп мойындады. Барак Обама 20 сәуірде, Бразилия президентіне жолдаған хатында атомдық отын айырбастау туралы, Түркия, Бразилия және Иран келісімі тараптар арасында сенім тудырып, аймақта теке-тірестерді азайта алады деп, Бразилиядан Иранның көңілін аудартып, уран айырбастауға жағдай жасауын сұраған еді. Бірақ Теһран мәлімдемесі шыққан соң, Американың ұстанымдары өзгеріп, Вена тобы Теһрандағы үшжақты отырыстан өзге қорытынды күткен еді, сондықтан Теһран декларациясы оларды таң қалдырды, деген ой пайда болды. Иранға қарсы заңсыз қысымдар, NPT хаттамасының 4-ші бабы бойынша “осы келісімге қол қойған әр мемлекет уран байытуға құқылы” болған жағдайда жасалып отыр. ИИР атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалануға берік. Осылай бола тұра, Иран діни сенімдер бойынша және қауіпсіздік себептерінен мұндай адамзатқа қарсы қаруларды дамытуға және қолдануға қарсы, және оны қабылдамайды. Иран ислам революциясының жоғары мәртебелі жетекшісі де түрлі рәсімдерде соның ішінде 2010 жылы сәуірде Теһранда өткен “Ядролық қарусыздандыру және таратпау” конференциясына арнаған жолдауында, атомдық қарулардың харам екендігін қуаттады. ИИР-дың президенті Нью-Йрктегі “NPT хаттамасын қайта қарау конференциясында” осы келісімді қайта жандандырып, нығайту қажеттігін айтты. Осы шындықтарға қарамастан Америка мен сионистік режим көптеген жылдар бойы Ираннан үрейлену негізсіз тақырыбын қозғап, Иранды халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қоқан-лоқы деп көрсетуге тырысқандықтан, Теһран декларациясын көре алмай, Иранға қарсы қарар шығаруды қолдады.

http://kazakh.irib.ir/index.php?option=com_content&task=view&id=9869&Itemid=16

Қырғыз-өзбек қақтығысы Ферғана оқиғасының 20 жылдығымен тұспа-тұс келді
Қырғызстан оңтүстігінде қаза тапқандар саны 77-ге жетті. 1000-нан аса адам жарақат алды. Жараланғандардың жарымынан астамы ауруханада жатыр. Сенбіде Уақытша үкімет Ресейден әскери көмек сұрады, деп хабарлайды Азаттықтың қырғыз қызметі.

АРАНДАТУШЫЛАР АЛАҢДАТАДЫ

Дерек көзінің хабарлауынша, өткен түні де Ошта талан-таражға жол беріліп, жағдай шиеленісе түскен. Ал Ош облыстық ішкі істер басқармасының бастығы Абдылда Қапаров төтенше жағдай жарияланған аудандарда жағдай біршама тұрақтанды дейді.

Қазір Бішкектен келген қосымша күштер негізінен халық топтанып тұратын аудандарды бақылап отыр. Бұл аудандарда орталық дүкендердің көпшілігі тоналып, ел ішінде азық-түлік тапшылығы сезіле бастады. Ош қаласы әкімінің бірінші орынбасары Тимур Қамчыбековтың айтуынша, жергілікті билік қазір тапшылық болдырмаудың қамын қарастыруда. Бірақ биліктің елді тәртіпке шақырудан қолдары босамай жатыр.

Сонымен қатар жүздеріне бетперде киген бір топ адамның қаланың әрбір ауданына барып, оқ шығарып, елді арандатумен айналысып жүргенi белгілі болған. Бұған қоса қақтығыс басталғалы Ошқа басқа жақтан келгендер де жетерлік. Ошқа келгендер арасында баткендіктер де баршылық. Ош басшылығы бұл топтың белгісіз жалдамалылар болуы мүмкін дегеннен арғысын біле алмай отыр. Қазір қала басшылығы мен милиция араздасқандарға барып жолығып, елді тыныштандыруға тырысуда.

Азаттық радиосы тілшісіне жұма күні кешкілік Лондон соғыс және бейбітшілікті талқылау институтының (IWPR ) Өзбекстан және Түркіменстан бойыншка бас редакторы Инга Сикорскаяға хабарласудың сәті түсті.

Оның айтуынша, қазір қалада жарық, газ тоқтатылған. Ұялы телефондар мен ноутбуктардың батареялары отырып қалған.

– Көше тұрмақ балконға шығудың өзі мұңға айналды. Жан-жақтан атқылап жатыр. Біз Оштың тура орталығында тұрамыз. Тереземіз қаланы бақылауға өте қолайлы. Мұнда әскери техника енгізді, 6 тікұшақ ұшып өтті. Ара-тұра БМП-мен сарбаздар жүріп өтеді. Бірақ соның бәріне де қарамастан, олар жағдайды бақылай алмай отырған сияқты. Төңіректің бәрі айқай-шуға толы, – дейді Инга Сикорская.

«БҰҰ МЕН ЕҚЫҰ АРАЛАСПАСА, ЭТНИКАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫС ҰЛҒАЯ ТҮСЕДІ»

Осы жағдайда Human Rights Watch халықаралық құққорғау ұйымы қырғыз-өзбек қақтығысын реттеу үшін дүниежүзіліке қауымдастық Қырғызстанның уақытша үкіметіне жедел көмек беруі керек деп есептейді. Бұл мәлімдеме Ошта опат болғандар саны 46-ға жеткен соң жарияланды. Бұл кұндері ұйымның Орталық Азия бойынша өкілі Андреа Берг Ошта жүр.

Оның пайымдауынша, мәселеге БҰҰ, ЕҚЫҰ тәрізді халықаралық ұйымдар араласпаса, этникалық қақтығыс ұлғая түсетін түрі бар.

Уақытша үкімет үшін жағдайды реттеуге тәртіп сақшылары ардагерлерін де жұмылдыруға тура келген. Уақытша үкімет баспасөз қызметінің басшысы Фарид Ниязов сенбіге ауған түннің де ауыр болғанын, бірақ қосымша күштің жетіспей жатқандығын айтады.

Ішкі істер министрлігі әскерін күшейту негізгі мақсат екеніне тоқталған Ниязов қақтығысқан топтардың қолында қару-жарақ бар дейді.

Ош қаласының әкімі Мелисбек Мырзакматовтың сұрауы бойынша Уақытша үкімет жергілікті Ош ТВ, ДДД және «Мезон» телеарналарының қызметін уақытша тоқтатты.

1990 жылы маусым айында да Қырғызстанның Ош және Үзген қалаларында қырғыздар мен өзбектер арасында қақтығыс болған. Ресми деректер сонда 1200 адамның қаза тапқандығын

куәландырса, тәуелсіз сарапшылар 10 мың адамның қаны төгілгенін айтады.

Сол кезде Өзбекстан өзбектерінің Қырғызстан оңтүстігіне жасамақ болған қарулы жорығын жүгендеудің сәті түскен.

Қазір де сарапшылар Қырғызстан оңтүстігіндегі жағдайдың Ферғана даласына тарау қаупінен сескенеді. Өйткені Ферғана – Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан шекараларының түйіскен тұсы.

http://www.azattyq.org/content/Kazakhstan_kirgiz_uzbek_ethnic_conflict_osh_ferghana/2069381.html

АҚШ ұсынған анти-ирандық қарар, қисынсыз әрекет
Дүйсенбі күні Венада АҚХА-ның бас кеңсесінде Басқарушылар кеңесінің маусымдық бас қосуы басталды. Вена отырысындағы тақырыптардың бірі Иранның бейбіт атомдық жұмыстары туралы Агенттіктің жаңа бас директорының есебін талқылау.

Өткен аптада АҚХА-ның бас директоры Юкиа Амано, Иран туралы жаңа есебін таратты, алайда бұл есепте Теһран декларациясына ешқандай меңзеу жасалмаған. Мұндайда ақпарат көздері, ислам республикасына қарсы жаңа қарар бекітудегі АҚШ-тың іс-қимылдары күшейгенін хабарлады.

Америкалық қайраткерлер Иранның бейбіт атомдық жұмыстарына бұрыс әрекетінде, Теһран декларациясына мән берместен, осы декларация шеңберінде ынтымақтастыққа деген ұмтылыстарды Иранға қарсы қарар шығару арқылы осы елмен қарсыласуға итеруге тырысуда. Саяси бақылаушылардың сенімінше, АҚШ ұсынған Иранға қарсы қарар – қағидаға жатпайтын, негізсіз және бұрыс саясаттардан туындайтын әрекет болып табылады.

Бұл үдерісті жалғастыруға табан тіреу, америкалық қайраткерлер жұртшылықты алдаушы ұстанымдарымен оны, Басқарушылар кеңесі мен Қауіпсіздік кеңесінде Иранға қарсы қысым жасау тетігі ретінде қолданбақшы екенін көрсетеді. Дегенмен ядролық қарулары бар мемлекеттер, халықтар алдында жауапкер болуы тиіс. Өйткені ең көп ядролық қару жинаған және бұл қаруды пайдаланған АҚШ, қарусыздандыру саласында шынайы әрекет жасамады. Келесі жағынан АҚХА-ның Басқарушылар кеңесі өз отырысын, өткен жиырма жылда тұңғыш рет Израйль режимінің атомдық бағдарламасын талқылау күн тәртібіне қойылған жағдайда, бастады.

Жуықта Нью-Йоркте өткен NPT хаттамасын қайта қарау конференциясында, АҚШ-тың қарсыласуына қарамастан, сионистік режимнен NPT хаттамасына қосылу және Таяу шығыстағы өзге елдер тәрізді өзінің атомдық нысаналарын Агенттік инспекторларына тексерту талап етілді. Нақты мағлұматтар бойынша сионистік режимде 300-ге жуық ядролық оқтұмсық бар.

Осындай жағдайда, Америка халықаралық талаптарға жауап қайтарудың орнына, мемлекеттердің сындарлы ынтымақтастығына қолайлы мұрсат болып табылатын Теһран декларациясын, қарсылыққа және қисынсыз әрекеттерге итеруге тырысып бағуда. Теһран мәлімдемесі бейбіт атомдық қуатқа қол жеткізудегі барлық халықтардың құқығын баяндайды, сондықтан бұл құжат әлемдік қарусыздандыруға қисынды әрекет жасағандықтан көптеген мемлекеттер мен мекемелер соның ішінде БҰҰ-ның бас хатшысы оны қолдап отыр. Осыған байланысты, Теһран мәлімдемесіне Вена тобының жауабы, мәлімдемеде келтірілген мақсаттар қарсы тарапқа қаншалықты маңызды екенін көрсететін емтихан болмақшы.

http://kazakh.irib.ir/index.php?option=com_content&task=view&id=9816&Itemid=16

Түркия мен сионистік режим арасындағы қайшылықтардың күшеюі
Түркия мен сионистік режим арасындағы теке-тірестердің күшеюі – Түркия ақпарат құралдарының ең маңызды тақырыптарының бірі. Түркияда басылып шығатын “Иени Шафақ” газеті: “Тағы да бір рет Түркия мұсылман халқының ондаған мың азаматы Стамбулдың Чағлайан алаңына шығып, өз шерулерінде “Израиль, жауап беретін күн келеді!” деп ұрандады,”- деп жазды.

Түркияның “Ұлттық газеті” газетінің Жаңғырту партиясының төрағасы Сезаи Каракуч сөзіне сілтеме жасап жазуынша, сионистердің “”бейбітшілік” керуеніндегі белсенділерге шабуылы – Батыстың Исламды жоюға бастаған соғысының бір бөлімі.

Түркияның бұл саясаткері сионистік режимнің гуманитарлық көмек тиелген және бейбітшілікті қолдайтын белсенділері бар кемелерге қарулы шабуылын бір дау-дамай сүюші өркениеттің гуманитарлық сезімдер мен рақымдылыққа ие өркениетке шабуылымен теңестірді. Ол Ауғанстан мен Ирактағы және Кавказ бен Африкадағы соғыстар секілді Ислам географиясындағы әшкер және жасырын соғыстарға меңзеп: “Бұл соғыстардың және жаулап алулардың әсерлері айқын байқалады,”- деп қуаттады.

“Вакит” газеті де өз мәліметінде Бақыт партиясы төрағасы Неман Куртулмуштың айтуына сілтеме жасап: “Бұл партия Анкара үкіметіне Түркияның сионистік режимнің соңғы қылмыстарына қарсы ұстанымына қатысты 6 бапты ұсыныс тапсырды,”- деп жазды. Бұл 6 бапты ұсыныс сионистік режимге қарсы дипломатиялық блок құруды және Түркия елшісін Израильден қайтару, Мармаре кемесіне шабуыл жасаушылардың негізгі жауапкершілеріне халықаралық соттарға арыздану, қоршауға алынған кемені бейтарап портқа жеткізу, Тель-Авив арасындағы сауда және әскери қарым-қатынастарды тоқтату, Анкара қайраткерлерінің сионистік органдардан алынған барлық сыйларын қайтаруды қарастырады. Осындай жағдайда Түркия тағы да бір рет сионистік режимнің “бейбітшілік” керуеніне шабуыл жасағаны және Түркияның 6 азаматын құрбан қылғаны үшін ресми түрде кешірім сұрауын талап етті.

Америкадағы Түркия елшісі Намик Тан: “Түркия сионистік режимнен үш талабы, оның ішінде Тель-Авивтің Анкарадан ресми түрде кешірім сұрауын қарастырады,”- деді. Бірақ “Га-арец” газеті: “Сионистік режим СІМ-лігі қайраткерлері Израиль Түркиядан кешірім сұрамайды,”- деп жариялады.

Дәл осы кезде Түркия мен сионистік режим саяси басшыларының айтыстары күшейді. Соңғы кезде Түркия СІМ Ахмад Давудоғлу сионистік режим соғыс министрі Эхуд Баракты қатты сынады және бұл режимді халықаралық қылмыстарға қол жұмсаушы атады. Эхуд Барак: “Сионистік режимнің қайшылықтары ХАМАС-қа байланысты,”- деп айтты. Түркия Премьер-министрі Режеп Тайеб Ердоған кейбіреулердің арыздарына қарамастан, “ХАМАС қозғалысы – лаңкестік ұйымы емес, бәлке бұл бір қарсыласу қозғалысы” деп айтты.

Кейбір ақпарат құралдарының мәліметінше, Түркия мен сионистік режим қарым-қатынастарының қайшылықтары соншалықты ұлғайғандықтан, Түркияның кейбір қайраткерлері сионистік режим арасындағы қарым-қатынастарды, сондай-ақ, әскери және экономикалық қарым-қатынастарды тоқтату туралы әңгіме жүргізуде.

http://kazakh.irib.ir/index.php?option=com_content&task=view&id=9806&Itemid=16

Мексика шығанағына төгіліп жатқан мұнайды екі айдан кейін тоқтайды
Мексика шығанағына төгіліп жатқан мұнайды екі айдан кейін тоқтатуға болады. Бұны Вашингтонда өткен баспасөз маслихатында Америка президенті Барак Обама мәлімдеді. Біздің білуімізше, мамандар тамыздың басында кеніште жаңа құбыр орнатады. Соның арқасында, қысым төмендеп, «қара алтын» тасқынын бәсеңдетуге мүмкіндік туады. Дегенмен, оған да сену қиын.

Кейбір мамандардың пікірінше, су түбіндегі ағын күзде ғана тоқтауы мүмкін. Ал, оның зардабын жоюға жылдар кетуі ғажап емес. Әзірге мұнайды арнайы реагентпен жинап жатыр. Бірақ, нәтиже шамалы. Теңіздің жүздеген шақырым жағалауын қара дақ басып, сирек кездесетін жануарлар қырыла бастаған. Ал, балық шаруашылығымен күнелтіп отырған қалаларда тіршілік тоқтап қалғандай.

Барак Обама, АҚШ президенті

Мұнайды қайтсек те қалқып алумыз керек. Оған біраз уақыт, қыруар күш жұмсау қажет болады. Апаттан шығанақ жағалауына ғана емес – экономикаға да орасан зиян келді. Ол үшін жауапты Би-Пи компаниясы халыққа өтемақы төлейді. Бірақ, мен бір нәрсеге мен бек сенемін. Біз – бұл дағдарыстан да өтеміз.

Арыстан Рысбек

http://kaztrk.kz/news/newsdetial.php?ELEMENT_ID=33229