Дүйсенбі күні Венада АҚХА-ның бас кеңсесінде Басқарушылар кеңесінің маусымдық бас қосуы басталды. Вена отырысындағы тақырыптардың бірі Иранның бейбіт атомдық жұмыстары туралы Агенттіктің жаңа бас директорының есебін талқылау.
Өткен аптада АҚХА-ның бас директоры Юкиа Амано, Иран туралы жаңа есебін таратты, алайда бұл есепте Теһран декларациясына ешқандай меңзеу жасалмаған. Мұндайда ақпарат көздері, ислам республикасына қарсы жаңа қарар бекітудегі АҚШ-тың іс-қимылдары күшейгенін хабарлады.
Америкалық қайраткерлер Иранның бейбіт атомдық жұмыстарына бұрыс әрекетінде, Теһран декларациясына мән берместен, осы декларация шеңберінде ынтымақтастыққа деген ұмтылыстарды Иранға қарсы қарар шығару арқылы осы елмен қарсыласуға итеруге тырысуда. Саяси бақылаушылардың сенімінше, АҚШ ұсынған Иранға қарсы қарар – қағидаға жатпайтын, негізсіз және бұрыс саясаттардан туындайтын әрекет болып табылады.
Бұл үдерісті жалғастыруға табан тіреу, америкалық қайраткерлер жұртшылықты алдаушы ұстанымдарымен оны, Басқарушылар кеңесі мен Қауіпсіздік кеңесінде Иранға қарсы қысым жасау тетігі ретінде қолданбақшы екенін көрсетеді. Дегенмен ядролық қарулары бар мемлекеттер, халықтар алдында жауапкер болуы тиіс. Өйткені ең көп ядролық қару жинаған және бұл қаруды пайдаланған АҚШ, қарусыздандыру саласында шынайы әрекет жасамады. Келесі жағынан АҚХА-ның Басқарушылар кеңесі өз отырысын, өткен жиырма жылда тұңғыш рет Израйль режимінің атомдық бағдарламасын талқылау күн тәртібіне қойылған жағдайда, бастады.
Жуықта Нью-Йоркте өткен NPT хаттамасын қайта қарау конференциясында, АҚШ-тың қарсыласуына қарамастан, сионистік режимнен NPT хаттамасына қосылу және Таяу шығыстағы өзге елдер тәрізді өзінің атомдық нысаналарын Агенттік инспекторларына тексерту талап етілді. Нақты мағлұматтар бойынша сионистік режимде 300-ге жуық ядролық оқтұмсық бар.
Осындай жағдайда, Америка халықаралық талаптарға жауап қайтарудың орнына, мемлекеттердің сындарлы ынтымақтастығына қолайлы мұрсат болып табылатын Теһран декларациясын, қарсылыққа және қисынсыз әрекеттерге итеруге тырысып бағуда. Теһран мәлімдемесі бейбіт атомдық қуатқа қол жеткізудегі барлық халықтардың құқығын баяндайды, сондықтан бұл құжат әлемдік қарусыздандыруға қисынды әрекет жасағандықтан көптеген мемлекеттер мен мекемелер соның ішінде БҰҰ-ның бас хатшысы оны қолдап отыр. Осыған байланысты, Теһран мәлімдемесіне Вена тобының жауабы, мәлімдемеде келтірілген мақсаттар қарсы тарапқа қаншалықты маңызды екенін көрсететін емтихан болмақшы.
http://kazakh.irib.ir/index.php?option=com_content&task=view&id=9816&Itemid=16