Иран Сыртқы істер министрі Муттаки: Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері сионистік режимнің қылмыстарын айыптаудың орнына Иранның бейбіт және айқын атомдық жұмыстарына қарсы қарар шығарады,-деді.
Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымы басшыларының 10-шы саммитында Манучехр Муттаки “ИИР-дың ізгі ниеті мен нақты іс-шарасының жауабы – саяси, әділетсіз және әлемдік қоғам мен құқтық қолдаусыз санкция ма?” деген сұрақ қозғап: Қауіпсіздік кеңесінің саяси абыройын бұдан әрі түсірмеңіздер,-деп кеңес айтты.
Иран Сыртқы істер министрі: халықаралық қауымдастықтың мүшесі ретінде ИИР әрдайым халықаралық ережелер мен заңдарға беріктігін дәлелдеді және өткен бес жылда өз ұстанымдарын түсіндіріп, атомдық салада нақты іс-шаралар атқарды,-деп айқындады.
http://kazakh.irib.ir/index.php?option=com_content&task=view&id=9870
Қауіпсіздік кеңесінің Иранға қарсы қарары – үлкен қателік
Қауіпсіздік кеңесінің сындар толықын тудырған 1929-ші қарары, әлі де саяси және ақпараттық орталардың басты айдары болып отыр.
Иран ислам республикасының президенті Махмуд Ахмадинежад жұма күні Қытайға сапары аяқталмас бұрын тілшілермен сұхбатында: Қауіпсіздік кеңесі ұлттарға тиесілі емес бәлке Американың қолындағы құрал және бұл қарар осы Кеңеске жіберілген оқ,-деді. “Қауіпсіздік кеңесі оның бесеуінде ядролық қару бар 15 мүшеден тұрады, олар ядролық қуат өз монополияларында қалдыруды қалайды, сондықтан әр-түрлі сылтаумен басқа халықтардың дамуына кедергі жасайды”,-деді президент. Ахмадинежадтың айтуынша, бұл Кеңестің 4 мүшесі капиталистік болкқа кіреді және 60 жыл ішінде бірде-бір рет тәуелсіз дауыс бермеген. АҚШ үкіметі өткен 30 жылда түрлі сылтаулармен Иран халқына қарсы әрекеттер жасады, сондықтан қазіргі таңда атомдық мәселе сылтауымен Иран халқына қарсы қысым жасауы жаңа тақырып емес. Дегенмен бұл арадағы ойландыратын нүкте, Америка Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің Иранға қарсы қарар бекітуге қолдауын алу үшін барлық тетіктерді пайдаланды, алайда, осы елдердің қайраткерлері бұл шараны тиімсіз ғана емес бәлке мемлекеттер арасындағы байланыстарда тұрақсыздыққа себепші болады, деп мойындады. Барак Обама 20 сәуірде, Бразилия президентіне жолдаған хатында атомдық отын айырбастау туралы, Түркия, Бразилия және Иран келісімі тараптар арасында сенім тудырып, аймақта теке-тірестерді азайта алады деп, Бразилиядан Иранның көңілін аудартып, уран айырбастауға жағдай жасауын сұраған еді. Бірақ Теһран мәлімдемесі шыққан соң, Американың ұстанымдары өзгеріп, Вена тобы Теһрандағы үшжақты отырыстан өзге қорытынды күткен еді, сондықтан Теһран декларациясы оларды таң қалдырды, деген ой пайда болды. Иранға қарсы заңсыз қысымдар, NPT хаттамасының 4-ші бабы бойынша “осы келісімге қол қойған әр мемлекет уран байытуға құқылы” болған жағдайда жасалып отыр. ИИР атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалануға берік. Осылай бола тұра, Иран діни сенімдер бойынша және қауіпсіздік себептерінен мұндай адамзатқа қарсы қаруларды дамытуға және қолдануға қарсы, және оны қабылдамайды. Иран ислам революциясының жоғары мәртебелі жетекшісі де түрлі рәсімдерде соның ішінде 2010 жылы сәуірде Теһранда өткен “Ядролық қарусыздандыру және таратпау” конференциясына арнаған жолдауында, атомдық қарулардың харам екендігін қуаттады. ИИР-дың президенті Нью-Йрктегі “NPT хаттамасын қайта қарау конференциясында” осы келісімді қайта жандандырып, нығайту қажеттігін айтты. Осы шындықтарға қарамастан Америка мен сионистік режим көптеген жылдар бойы Ираннан үрейлену негізсіз тақырыбын қозғап, Иранды халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қоқан-лоқы деп көрсетуге тырысқандықтан, Теһран декларациясын көре алмай, Иранға қарсы қарар шығаруды қолдады.
http://kazakh.irib.ir/index.php?option=com_content&task=view&id=9869&Itemid=16