Сарыағаш аудандық сотының 12.04.2010 жылғы үкімімен ҚР ҚК-нің 120 бабының 2 бөлігінің «а,б» тармақтарымен айыпталған Бостанов Ержан, Қилыбаев Тимур және Қалмурзаев Тимур ақталған.
Aлдын-ала тергеу органымен Е.Бостанов, Т.Қилыбаев және Т.Қалмурзаев 01 қазан 2009 жылы түнгі сағат 01-лер шамасында Сарыағаш ауданы Көктерек ауылында орналасқан «Камила» қонақ үйінде жәбірленуші Ауезова Дильфузаны күш қолданып, дәрменсіз күйін пайдаланып, ұрып-соғып, зорлап, жыныстық қатынас жасағаны үшін айыпталған, Е.Бостанов, Т.Қилыбаев және Т.Қалмурзаев сот қаулысымен 14.12.2009 жылы қамауға алынған.
Соттың ақтау үкімімен келіспей 26.04.2010 жылы Сарыағаш аудандық прокуратурасымен апелляциялық наразылық келтірілген, сонымен қоса 27.04.2010 жылы жәбірленуші апелляциялық шағым келтірген.
Облыстық соттың апелляциялық алқасымен қылмыстық істі апелляциялық наразылық және шағыммен қаралуы 25 мамыр 2010 жылға тағайындалған болатын, алайда жәбірленушінің ауруханада жатуына байланысты және оның өтінішіне сәйкес 08.06.2010 жылға қалдырылған.
Облыстық соттың апелляциялық алқасында 8-9 маусым күндері облыстық прокуратураның талабымен іс бойынша сот процессі қайтадан жүргізіліп, жәбірленуші, куәлар және сотталушылардан қайтадан жауаптар алынып, істің мән-жайы қайта зертеліп, қалпына келтірілді.
Нәтижесінде облыстық соттың апелляциялық алқасының 09.06.2010 жылғы қаулысымен Сарыағаш аудандық сотының 12.04.2010 жылғы ақтау үкімі бұзылып, жаңа үкім қабылданды.
Аудан прокурорының апелляциялық наразылығы және жәбірленушінің шағымы толық қанағаттандырылды.
Сотталушылар Бостанов Ержан, Қилыбаев Тимур және Қалмурзаев Тимур ҚР ҚК-нің 120 бабының 2 бөлігінің «а» тармағымен айыпты деп табылып, олардың әрқайсына 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, олар сот залынан қамауға алынды.
Сот үкімі қабылдана салысымен облыс прокурорының орынбасары Н.Д.Бимендин республикалық КТК телеарнасына арнайы сұқбат беріп, соттың үкіміне түсіндірме берілді.
11 маусым 2010