Р.Отынбаева: Оңтүстікте 192-ден 10 есе көп адам қаза тапты

Қырғызстанның оңтүстігіндегі қаза болғандардың саны ресми мәліметтен 10 есе асады. Қырғызстанның уақытша үкіметінің төрайымы Роза Отынбаева Ресейдің «Коммерсантъ» газетіне берген сұхбатында осылай деп мәлімдеп, халықаралық Қызыл Крест комитетінің дерегін растады.

Соңғы ресми мәлімет бойынша, 192 адам қақтығыстардың құрбаны болды.

Жұма күні Р.Отынбаева қанды қақтығыс жайлаған Ош қаласына барды. Қалада ол ұлтаралық қақтығыстың салдарынан зардап шеккендер жатқан ауруханаға бас сұғып, қаланың әкімдігімен келіссөз өткізді.

Жұма күні Қырғызстанға АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының көмекшісі Роберт Блэйк те келуге тиіс. Ол ондаған мың босқынға қанша қайырымдылық көмегінің қажет болатынын анықтамақшы.

http://www.azattyq.org/archive/news/20100618/330/330.html?id=2075458

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*