Қытай Қырғызстанның дағдарысты жағдайына алаңдап отыр

Қытай үкіметінің Қырғызстанның дағдарысты жағдайына қатысты алаңдаушылығы жайында басылып шыққан мәлімдеме таң қалдырарлық. Өйткені БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің, ядролық клуп және ғарыш клубының мүшесі ретінде бір елдің өзгеріс үдерісіне байланысты алаңдаушылық білдірмеген еді. Бұндайда әлемнің жалпы ой-пікірі дүниежүзілік сахнада Қытайдың рөл атқаруын күтеді.

Қырғызстандағы дағдарысты жағдайға тиісті Қытай алаңдаушылығының негізгі дәлелі айқын. Қырғызстан – Қытайдың көршілес және дос елі, сондай-ақ, бұл елдің өзгерістер үдерісі екі себепті комунист Қытайға өте маңызды.

Егер Қырғызстандағы саяси өзгерістер мен әлеуметтік дағдарыстар АҚШ секілді шет елдер құзырына жағдай тудыруға қарай бағытталса, бұл мәселе Қытай үшін тиімсіз. Бұған қоса, егер Қырғызстанда саяси өзгерістер батысшыл үкіметтің билік басына келуіне қарай жасалса, бұл мәселе Қытай мен Ресей үшін де тиімсіз болады. Себебі бір тарихи және саяси дәстүр бойынша Орталық Азия және Кавказ Ресей мен Қытайдың алаңы есептеледі.

Орталық Азия және Кавказ мәселелері мамандарының сенімінше, Қытай мен Ресей ерекше құралдар мен механизмдерді ұстай отырып, осы арада Қырғызстандағы өзгерістерді олардың мүдделеріне қайшы келмейтін бағытқа қарай бағыттай алады. Бұндайда сепаратистік ағымдар мен лаңкестік топтар осындай дағдарыстардан шығады және бұл Қытайға жақпайды.

Ташкент қаласында өткен ШЫҰ басшыларының отырысында Қырғызстандағы дағдарысты жағдай талқыланды, бірақ Шанхай мүшелері Қырғызстанда туып отырған тығырықтан қалай шығуға көмектесуге ешқандай шара таппады. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан, Қытай мен Ресей Федерациясы – ШЫҰ-на мүше. Шанхайға мүше алты елдің дейін басқалардың ішкі мәселелеріне сындарлы ықпал ету үшін осы күнге дейін механизмі жоқ.

Осы механизмнің жоқтығы дағдарысқа тап болып отырған Қырғызстанды Қытай және Ресей стратегиясынан алыстатып отырған болар. Бұл мәселе Шанхайдың екі негізгі мүшесінің ұстанымына қайшы келетіні сөзсіз. Жоғарыда айтылып кеткендей, Қытайдың дағдарысты Қырғызстанға алаңдап отырғанының негізгі дәлелі де – осы мәселе. Қандай да болмасын сылтаумен Америка әскерилерінің Қырғызстандағы құзыры – аймақ үшін қоқан-лоқы екенін Қытай мен Ресей анық біледі.

Қырғызстан қазіргі кезде тағы бір Ауғанстанға айналып жатыр және бұл мәселе шындыққа айналғанға дейін Қырғызстанда кедергі жасаушы саяси топтардың пайда болуын күтуге болады. Бұған қоса, мұндай үдерістің жалғасуы Орталық Азия мен Кавказда АҚШ әскери күштерінің құзырын жеңілдетеді.ресейдің кейбір мамандарының айтуынша, Қырғызстандағы саяси жағдайдың шиеленісуі және қауымдық қақтығыстың пайда болуы Вашингтон және Лондонның жоспары бойынша іске асады.

Бірақ Вашингтон мен Лондон қайраткерлері болса, дау-дамай көтеріп, Қырғызстандағы дағдарысқа басқаларды кінәлайды. Қытай да Қырғызстандағы жағдайға жанама түрде Батыс айыпты деп біледі. Егер Шанхай мүшелерінің бірі ұйымнан алыстайтын болса, АҚШ бұл мұрсаттан саяси тұрғыға пайдаланатыны және егер де Шанхай мүшелігінен шыққан бір мүше екі немесе үш мүшеге айналса, Шанхайдың негізгі мүшесі ретінде Қытай мен Ресейді стратегиялар аясында шара қолдануға мәжбүрлейтініне күмән жоқ.

http://kazakh.irib.ir/index.php?option=com_content&task=view&id=9937&Itemid=16

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*