Қарағанды облысының прокуратурасы: Теміртау қаласының спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының директоры қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотталды

Теміртау қ. сотының үкімімен Теміртау қаласының «Спортта дарынды балаларға арналған Ә.Молдағұлова атындағы мектеп-интернаты» ММ-нің (бұдан әрі – мектеп-интернат) Теміртау қ. филиалының директоры Т.Федорахина ҚР ҚК 307 б. 1 б. қарастырылған қылмыс жасауда кінәлі деп танылып, жазасын жаңілдететін мән-жайлар болуын ескере отырып, 3 айлық жалақысы мөлшерінде айыппұл төлеу жазасына тартылды.27.03.2009 ж. мектеп-интернат пен жеке кәсіпкер арасында оқушы-спортшыларды 2009 жылдың соңына дейін күніне 3 рет ыстық тамақпен қамтамасыз ету қызметтерін көрсету туралы 7,8 млн. теңгеге келісім-шарт бекітілген.
Қаржылық рәсімдерді жүргізу туралы ережеге қайшы түрде, жеке кәсіпкерге ақша сомалары әр айдың басында ағымдағы ай үшін толық аударылып отырған, ал ол соамалар орындалған жұмыс актілері бойынша төленуі қажет еді.

04.06.2009 ж. төлеу шотының негізінде кәсіпкерге 2009 жылдың маусым айында оқушы-спортшыларды күніне 3 рет ыстық тамақпен қамтамасыз ету қызметтері үшін 728 мың теңге аударылған.

10.06.2009 ж. Т.Федорахина мектеп-интернаттың оқушылары жазғы демалысқа кететіндіктен, толық ай тамақтанбай, кредиторлық берешек қалатынын нақты біле отырып, жеке кәсіпкерден оған 2009 жылдың маусым айы үшін аударылған соманың 200 мыңын өзіне қайтаруды талап еткен.

Одан кейін Т.Федорахина өзінің қылмыстық ниетін жалғастыра отырып, қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, мектеп-интернаттың методист-оқытушысына спортшылардың 30.06.2009 ж. дейін күнделікті тамақтану өтінімдерін (заявка) толтыру туралы нұсқау берген. Ал асхана 15.06.2009 ж. кезеңінен бастап жұмыс істемеген және балаларға тамақ дайындалмаған.

Сонымен қатар, Т.Федорахинаның нұсқауымен іс жүргізуші 18.06.2009 ж. – 30.06.2009 ж. кезеңіне асхана үшін ас мәзірін толтырған.

Т.Федорахина бекіткен тамақтану өтінімдері мен ас мәзірі-талаптарының негізінде облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасына 2009 жылдың 1-жарты жылдығы бойынша есеп тапсырып, онда кредиторлық берешек жоқ және бөлінген бюджеттік қаражаттар толық игерілген деп көрсеткен. Бұл әректтер, өз кезегінде, мемлекеттік заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі нұқсан келтірген.

Сот-бухгалтерлік сараптаманың қорытындысына сәйкес, көрсетілмеген қызметтер үшін 331, 1 мың теңге негізсіз аударылған.

Осы дерек бойынша Теміртау қ. қаржы полициясы органдары Т.Федорахинаға қатысты ҚР ҚК 307 б. 1 б. қарастырылған қылмыс белгілеріне сәйкес қылмыстық іс қозғап, ол тергелу нәтижелері бойынша сотқа тапсырылған.
Т.Федорахинаның өзінің кінәсін тек ішінара мойындауына қарамастан, сот оның әрекеттеріне және тергеу органының тергеу барысында тапқан дәлелдеріне дұрыс баға берген.

Теміртау қ. сотының 30.04.2010 ж. үкімімен Т.Федорахина аталған қылмыс жасауда кінәлі деп танылып, жазасын жаңілдететін мән-жайлар болуын ескере отырып, 3 айлық жалақысы мөлшерінде айыппұл төлеу жазасына тартылды.
Соттың аталған шешіміне прокуратура наразылық келтірмей, сотталған шағымданбауына байланысты, ол заңды күшіне енді.

http://www.procuror.kz/kaz/novosti2/?cid=0&rid=1093

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*