Сионизм – фашизмнің жаңа жүзі

Палестина дағдарысы 1948 жылы сионистік режим Палестина жерлерін жаулап алғаннан бері халықтар мен үкіметтер, әсіресе Ислам әлемінің көңіл бөлетін мәселесі болып отыр. Сионистік режим және оның Батыс тараптастары бұл тақырыпты аяқталған тақырып деп көрсеткісі келгенімен, палестиналықтардың күрестері, атап айтқанда олардың интефазалары, сондай-ақ, Ислам үмметінің Палестина халқына көрсетіп отырған қолдаулары Палестина мәселесінің Ислам дүниесінің ең маңызды тақырыбы ретінде баяндалуына себеп болды.

Иранның исламдық революциясының қазіргі таңдағы жетекшісі аятолла Хаменеи Палестина мәселесінің маңыздылығы туралы: “Осы кезде мұсылмандар арасында Палестина мәселесінен маңыздылау ешбір нәрсе жоқ. Бұл – Ислам әлемі дұшпандарының соңғы кезеңдерде мұсылмандардың басына әкеліп отырған ең үлкен пәлесі. Олар мұсылмандардың үйлерін қиратып, олардың қалауларымен күресіп, мұсылмандарға қарсы шабуыл жасауда,”- деді.

Әлемдіктердің Палестина мәселесіне бұрынғыдан артығырақ көңіл бөлуіне себеп болған соңғы күндердегі оқиға сионистік режим әскерилерінің Газа қоршауындағы халыққа азық-түлік пен дәрі-дәрмек әкеле жатқан кемелерге шабуылы болды. Сионистік режим бұл керуенге халықаралық суларда әуе шабуылын жасап, адамзат құқылары белсенділерінің 19-ын қаза етті және басқа ондаған адамды жаралады. Исламдық революцияның қазіргі таңдағы жетекшісі осы оқиғаға қатысты үндеуінде: “Газа халқына көмек көрсететін керуен негізінде әлемнің әртүрлі нүктелеріндегі халықтардың өкілдерінен болды,”- деп қуаттады. Ол дәл осы дәлелмен сионистік режим әскерінің “бейбітшілік” керуеніне шабуылына қатысты: “Бұл қылмыс барша үшін сионизмнің фашизмнің жаңа жүзі екенін айқындауы керек.

Бұл жолы азаттық және адамзат құқылары туралы жар салатын үкіметтер, атап айтқанда АҚШ үкіметінің сионизмді қолдайты әшкерленді,”- деп айтты. өткен жылдардағы Палестина халқының рақымсыз қырылуы және бұл халыққа қарсы террорлар сионизмнің фашизмнің бір түрі екенін нышан етті. Осы кезде сионистер Палестина халқына көмек көрсетуге келе жатқан басқа мемлекеттердің адамдарын қырып, өзінің жексұрындығын тағы да бір рет көрсетті,”- деді.

Газа секторының дағдарысы Палестина мен исламдық қорғаныс қозғалысы ХАМАС 2006 жылдың қаңтарында автономиялы құрылғысының Парламенттік сайлауында жеңіске жеткенінен басталды. Сол кезден сионистік режим және бұл режимнің Батыс тараптастары ХАМАС базасы саналатын Газаға қарсы қысымдарын күшейтті. Бұл қысымдар басып алынған Палестинаның батысындағы кішкентай аймақтың экономикалық қоршауға қалуына себеп болды. Аятолла Хаменеи Газа халқының өкінішті жағдайы туралы: “1,5 млн халықтың қоршауда болуынан 3 жыл өтті. Бұл мерзімде бұл аймаққа дәрі-дәрмек, азық-түлік, ауыз су, сондай-ақ, соғыста қиралған ғимараттарды жөндейтіндей құрылыс жабдықтарын жеткізуге тыйым салынып отыр,”- деді. Ол бұл амалды үрейлі деп атап, кейбір араб үкіметтерінің сионистік режимді қолдайтындарына өкініш білдірді.

Палестина халқын және жауынгерлерінің батыл қарсыласуына себеп болған 2008 жылдың соңғы күндеріндегі сионистік режимнің Газа секторына шабуылы 22 күннен кейін сионистерге еш нәтиже әкелмей аяқталды. Исламдық революцияның қазіргі таңдағы жетекшісі Газа халқының жігерлі табандылығы туралы: “Палестина халқы, Газа халқы тарихта өз атын қалдырды,”- деді. Ол, сондай-ақ, Газа мәселесі – бір халықтың мәселесі емес, бәлке бүкіл адамзат мәселесі,”- деп қуаттады. Исламдық революцияның қазіргі таңдағы жетекшісі өз жолдауында Палестина заңды үкіметінің Премьер-министрі Исмаил Ханиеге: “Сендердің бүгінгі күнге дейінгі жиһадтарың Америка, сионистік режим және олардың демеушілері, сондай-ақ, БҰҰ және исламдық үмметтің мұнафықтарын әшкерледі,”- деп жазды. Діни жетекшінің Ислам үмметінің мұнафықтары деп атап отырғаны – палестиналықтарға қиянат жасап отырған кейбір араб үкіметтері.

Аятолла Хаменеи сионистік режимнің Газаға гуманитарлық көмек әкеле жатқан керуенге жасаған фашистік қылмыстарына қатысты жолдауында бұл шабуылды үрейлі атап, бұл режимнің әлсіздігінің нышаны деп тапты. Ол Теһранның соңғы жұма намазы құтпаларында: “Неге теңіздің ортасына барып, шабуыл жасап, адамдарды қырдыңдар және жараладыңдар? Неге?”- деген сұрақтарды көтерді. “ИИР 30 жыл бойы Палестина мәселесін көтеріп отыр, бірақ екіжүзді және өтірікші батыстықтар бұл дауысты естімегендей болды. Бүгін барлық дүние өз көзімен олардың зұлымдарын көрді,”- деп жалғастырды.

Исламдық революцияның қазіргі таңдағы жетекшісі сионистердің Газа халқына азық-түлік пен дәрі-дәрмек әкеле жатқан керуенге шабуыл жасау дәлелдерін сараптап, келесі маңызды нүктеге тоқталып: “Аллаһтың демеуімен сионистер өздерінің абыройсыз өмірінің соңында өз қолымен өлімін жақындатты. Ливанға, одан кейін Газаға шабуыл – сионистерді құлдырауға жақындатқан ақылсыз әрекеттер. Жерорта теңізінде халықаралық көмек керуеніне шабуыл жасау – сионистердің тағы да бір ақымақ амалдарынан,”- деді. Халықтар мен үкіметтердің көбісінің Газа секторына гуманитарлық көмек әкеле жатқан керуен мүшелеріне шабуыл жасап, оларды қыруларына қатысты ашуларының көтерілуі сионистік режимнің адамгершілікке жатпайтын және қылмысты болмысын нышан етеді. Сионистік режим бұл әрекетімен өзін әшкерледі.

Діни жетекшінің қуаттайтын тағы да бір маңызды тақырыбы – Газаға көмек көрсететін кемелер аттануының жалғасуы. Ол: “Зұлым сионист үкіметі мен одақтастары, әсіресе АҚШ пен Ұлыбритания әлемдік қауымдастықтың тізе бүкпейтін ықыласы мен ождан оянуын көріп, сезуі үшін Газаға кемелерді жіберу жұмысы түрлі әдістермен сан рет қайталануы керек,”- деп қосты. Қазіргі кезде әртүрлі мемлекеттер, атап айтқанда Иран Газаның езілген халқына азық-түлік және дәрі-дәрмек көмектері тиелген кемесін жіберуге әзірлігін жариялады. Сондай-ақ бұл жолы сионистік режимге қарсы үгіттер толқыны кеңінен таралды. “Бейбітшілік” керуеніне жасалған шабуылдан бірнеше күн өткеннен кейін палестиналықтарға гуманитарлық көмек жеткізбекші болған кеме сионитік әскерилердің қолына түсті.

Аятолла Хаменеи Палестинаның азаттыққа жету жолы сионистік басқындарға қарсы қарсыласу деп тапты. Бұл қарсыласу Ливан мен Палестинада осы кезге дейін көңіл бөлетін нәтижелерге жетті және дұшпанға көптеген шығын әкелді. Аятолла Хаменеи: “Құдс жолы, Палестина жолы – Палестинаны құтқаратын жол және Палестина мәселесін тек күрес арқылы ғана шешуге болады,”- деді. Діни жетекші мұсылмандарды Палестина халқына көмек көрсетуге жігерлендіріп, Палестинаның исламдық көтерілісін қолдауды уәжіп деп тапты.

Ол “барлық халықтар Палестина халқына көмек көрсетуге міндетті” деп: “Барлық халықтар және барлық үкіметтер Палестинаның жағдайына жауапты. Адамгершілік туралы арызданатын әр үкімет мұсылман немесе мұсылман емес үкімет болса да, жауапты,”- деді.

Исламдық революцияның қазіргі таңдағы жетекшісінің назарынан Аллаһқа тәуекел ету Палестина халқының жеңісі үшін қажетті. Соңғы жылдарда Ирандағы исламдық революцияның жеңісі мен беделі Ливандағы исламдық қозғалыстың жетістіктері және Палестина халқының интефазасының жалғасуы – Жаратушыға сүйеніп, күресудің үш үлгісі.

Аятолла Хаменеи Палестина интефазасына қатысты: “Палестина халқының бастан кешкендері бұл халықтың интефазалары және негізгі қарсыласуы – таң қалдыратын құбылыс. Бұл Аллаһтың көмегімен жасалып отыр. Адамдар Газадағы барлық ащы оқиғаларды 22 күндік соғыс кезіндегі және одан кейінгі қысымдарды өз көзімен көріп отыр. Мұның бәріне қарамастан, Газа халқы – тау сияқты мықты. Бұл – ақиқат. Мұны көрмеуге болмайды,”- деп айтты. Ол “Аллаһтың көмегімен палестиналықтарға жарық болашақ туады” деп: “Палестиналық бауырлар мен қарындастар, Ұлы Аллаһқа сеніңдер! Өз құдыреттеріңе сеніңдер! Сөйтіп жеңіске жетесіңдер,”- деп айтады.

http://kazakh.irib.ir/index.php?option=com_content&task=view&id=9825&Itemid=42

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*