Өткен жылдың ақпан айында Бельгияның Брюссель қаласының сотында бір жігіт, өз анасын сотқа берді. Әңгіменің қысқасы былай: некесіз туылған бала анасынан әкесінің кім екенін сұрайды. Анасы, «әкең өліп қалған» деп жалтарыпты. Ал, баласы болса: «Онда неке куәліктерің қане, өлген болса моласы қайда, сен мені ойнастан тапқан жезөкшесің!..» деп, туған анасын қыспаққа алады. Сөйтіп, дау соттан бірақ шыққан. Ақыры некесіз ұлының қатігездігіне шыдамаған әйел өзіне-өзі қол жұмсап тынған.
Қазір, «некесіздер туғандар» әлем халықтарының бас ауыруына айналды. Үрейлі тенденция қалыптасты. Және бұндай қауіпке күрес бүгін басталып отырған жоқ. Орта ғасырларда кейбір монахтар некесіз туғандарды «отқа өртеп жіберу» жайлы үкім де шығарған. Өйткені олар шатаны «шайтанның баласы» деп түсінген.
Францияда некесіз бала тапқан әйелді француз азаматтығынан айырып, бір жылға соттап жіберетін заң болған.
Көне түрік салтында зинадан туылған адамды әулеттің зиратына қоспай бөлек жерлеген. «Бұтты бұлғаған, жұртты бұлғайды» деп түсінген қазақтың да қолданар шарасы жеңіл емес-ті. Мысалы, «Абай жолы» эпопиясында: аға сұлтан Құнанбай түйеге таңылған Қамқа мен Қодарға тасборан жасатуы соның бір көрінісі. Қысқасы, Құнекеңдер «қышынған жатырдан ұшынған бала туады» деп, қорыққан.
Қазақ, пышақтың сабына жалғанар тұсын «жете» дейді. «Жеті атасын білмеген жетесіз» деп соны айтқан. Осындай «жетесіздің» руын сұрап, жеті атасын қазбалап, жанарымен жер шұқытып қоятын қазақтың жазылмаған дала заңын осал деп қалай айтасың?
Адамзат тарихында Дүниежүзілік екінші соғыс кезінде өте көп бала некесіз туылған деп санайды. Кейбір дерек көздері бес адамның төрті некесіз туғанын айтады. Осы жағдайға байланысты 1945 жылдың соңында академик Иван Майский Сталинге хат жазып: «Сталин мырза, қазір некесіз туылған балалар өте көбейіп кетті, олар қоғамға аса қауіпті. Тез арада аттарын өзгертіп, фамилияларын орысша қойып, аналарынан айырып, жетімдер үйінде тәрбиелеу керек, әйтпегенде, біздің түбімізге жететін солар!» деп қадап айтуы тегін емес. Шын мәнінде КСРО-ны күйреткен осы буын.
Соғыс демекші, дәл қазір Францияда соғыс жылдары некесіз туылғандардың басын қосқан «шектеусіз жүректер» атты ұйым бар. Оны басқарып отырған Жаном-Жаком Делор дейтін некесіз туылған азамат. Қазір бұл ұйым француз қоғамының ұйқысын бұзарлық, үрейлі түске айналып келеді. Себебі, ұйымға тіркеліп жатқан некесіздер күн санап көбеюде. Тек неміс солдаттарынан некесіз дүниеге келген жан саны 250 000-нан асып жатыр. Олардың ұрпағы бірнеше миллионға кетіп қалған.
Вашингтондағы отбасылық зерттеулер кеңесінің мәліметіне сүйенсек: дәл қазір АҚШ-та әрбір үшінші бала некесіз өмірге келуде. Бұл елде әйелдердің зинадан туған қызын жетелеп екінші бір еркекпен неке құру кесірінен кішкентай қыздардың зорлануы соңғы бес жылда 33 есе артқан. Көбінесе қыздарды зорлайтын өкіл әкелері.
Басқаға күлер жайымыз шамалы. Елімізде 1980-ші жылдары бір жылда туған барлық баланың 10 пайызы шата болса, бүгінде бұл көрсеткіш екі есе өскен. Яғни, бес баланың біреуі ойнастан туып жатыр. Ресми дерекке жүгінсек: 1999 жылы Қазақстанда 51900 некесіз бала туылса, 2009 жылы саны 75400-ге жеткен. Осы Астананың өзінде көптеген қазақтың шаңырағы құрлысшы түріктерден туып қалған жүздеген шата жиендерді асырып отыр.
Жалпы шатадан туған адамның өзі де ұятсыз, арсыз, адами қадір-қасиеттен кемшін болады дейді оқымыстылар. Қатігездігі өз алдына. Мысалы, фашизмнің атасы, соғысқұмар А.Гитлердің әкесі некесіз туған шата екен. Адольфтың әжесі Мария Анна (Мариана) Гитлер кедейдің қызы екен. Кім көрінгеннің есігінде жүріп әбден 40 жасқа толғанда шатадан бала тауыпты. Күңнің кімнен жүкті болғаны жайлы болжам көп. Білетіндер еврей Ротшильдің немесе Франкербергердің бірінің тұқымы дейді. Қысқасы шата баласына Аллоисо деп ат қойыпты. Осы шата Адольф Гитлердің әкесі.
Осы орайда, мына бір қисса ойға оралады. Атақты ислам ғұламасы Әбу Ханифа бір топ шәкірттерімен әңгіме құрып, алқа-қотан тұрады. Жақын жерде бір топ бала доп қуып ойнап жүріпті. Бірде әлгі доп домалап келіп, мәслихат құрып тұрған топтың ортасына кіріп тоқтайды. Балалар үлкендердің арасынан допты алуға қысылып, саусақтарын сорып, шегіншектеп тұрып қалады. Сол сәтте араларынан бір бала атып шығып еш именбестен, үлкен кісілерді соға-моға допты ала жөнеледі. Ауыздары аңқиып қалған шәкірттеріне Әбу Ханифа: «Бұл балада некесіз, зинадан Аллаһтың қаһарына ұшыраған жатырдан туған сипат бар екен» депті. Шәкірттері ұстаздың сөзіне көз жеткізбек болып, әлгі баланың соңынан қаламай ілесіп үйіне барып, тегін анықтаса ол Бағдаттағы жалғыз басты әйелдің некесіз туған баласы болып шығыпты.
Шын мәнінде некесіз туған адамда ұят болмайды. Ондай адамды АҚШ сынды елдер қатты пайдаланады. Мысалы, 1990 жылдары басталған нарықтың салдарынан Моңғолияның экономикасы қатты құлдырады. Халық ауылдан қалаға тентіреді. Осы шамада дүниеге мыңдаған некесіз бала келді. Бұл балалардың дені Ұлан-батыр қаласының треншейлерінде өмір сүрді. Сонда ер жетті. Қалада «траншей балалары» дейтін аты тегі, фамилиясы жоқ әлеументтік топ пайда болды. Осы балаларды шетелдік «қайырымдылық» ұйымдар жиып-теріп, асырап-бағуға алып кетеді. Ақыры не болды. 2007 жылы 1 шілде күні Ұлан-батыр қаласында бүлік шығып, компартияның ғимараты өртенді, көптеген адам қаза тапты. Кейін белгілі болғандай жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру үшін сыртқы күштер баяғыда бағып-қағуға әкеткен «балаларды» пайдаланды. Міне, шатаның шатағы!
«Өмірде жаулар ғана болады, сені сатқан жауың анау» деп миына әбден шегелеген оларға керекті кезінде бұйрық берсе болғаны, ешкімге иненің жасуындай аяушылық білдірмек емес. Себебі ғаламдағы мың-миллион адамның ішінде оның анасы, әкесі, ағасы, бауыры, әпке-қарындасы, тіпті жамағайын туысы да жоқ. Кімді аяйды? Неден аянады?
Зәудеғалам елімізде некесіз туып қалып, жетімдер үйінен шетелге асып кеткен біздің «бөлтіріктер» азуы алты қарыс болғанда қазақ даласына оралса, үркердей үрпиіп отырған «ескі ауылы» тісіне сыздық болмай қалама деп қорқамыз!
Ертеңгі жауының кім екенін жақсы білетін, кәрі шораяқ Қытай елінің де некесіз туылған балаға қатысты ұстанатын қауіпсіздік саясаты бар. Мысалы, «Жетімдер үйіне» әкелінген шата баланы үш ай ішінде көзі құрымаса, бастық қолма-қол қызметінен аластатылады. Некесіз бала көбейіп кетпеуі үшін 2009 жылдың қаңтарында жезөкшелердің «жеңгетайы» –порнографиялық сипаттағы он мыңнан астам сайттарды жауып, соларды жүргізіп отырған 42 адамды түрмеге қамады.
Осындайда… адам баласы бір-ақ рет келер өмірге ұрпағын адал әкеліп, жақсы адам болуға тәрбиелеудің қаншалықты бақыт екенін сезінсе ғой дейсің!
Осындайда… «Кіндігіңді кімдер сүйді… Шіркін-ай…» деп жырлап «эротика елшісі» болып жүрген біздің кейбір ақындар, «ақ шымылдық ішінде, ақ некелі жар сүйген…» бабалар талғамының сыры не де жатқанын сезбейтініне қайран қаласың!
Бір қызығы Алланың ақжолын ұстанып, шариғатты ту еткен мұсылман елдерінде шата деген жоқтың қасы. Өйткені, олар Құдайдан қорқады. Атам қазақ: «Құдайдан қорықпағаннан қорық» деп тегін айтпапты. Құдайдың құдіретін сезбей, тау мен тасқа табынған солтүстік қиырдағы сақа сынды бауырларымыз үйіне келген қонақтың астына адал жарын салып беретін күйге жетті. Ақыры не болды, ұрпақ шаталанды, ұлт жойылып тынды.
Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ
http://www.namys.kz/?p=1009
09.07.2010 at 12:09 pm
Өмір мен ажал тек қана Алла тағалың қолында болған соң , жыныстық қатынас та , өлтіру де шариғат бойынша ( заңды түрде ) жүзеге асуы керек болады . Зинақор да , адам өлтіргенде өлім жазасына кесілетні сондықтан . Айта кетері , қысылып барып ойнас қылғандар онша ауыр жазаланбайды . Өлгендедің мұрагерлері қысас етпей якй құн алып кешірім еткенді Ислам діні абзал көреді . Зинаға келгенде оның дәлелдеуін күрделетіп қойғанында бір мән бар : бұл сұмдық әшкере берсе елде ұяты қашады ғой . Екіншіден шата балалар бұл арада зинақор ата – аналарының қырсығына шалынбасын деген болар . Ал ең маңызды шендерге тек қана жетелі жандар жете алады . бұлар өздерінің адалзадалығын айғақтай алғандар болған мен қалғандары жетесіз деген сөз болмас . Қылаяғы шаталар да өзінше құқықтары бар . Олар қорғалмаса бөгделерге қолжаулық болып елді сорлатары бесенеден белгілі .