1968 жылы 21 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында туған. Омбыдағы ауыл шаруашылығы институтын агроном мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет Академиясының мемлекеттік басқару мамандығын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1990 жылдан 1994 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Степной ауылында агроном, бас агроном болып бастаған.
1994 жылдан 1999 жылдарға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Мәскеу ауданы XXV Партсъезд атындағы совхоз директоры және «Новоузенское» ЖШС директоры.
1999 жылдан 2000 жылға дейін аудан әкімінің орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
2000 жылдан 2001 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет Академиясының тыңдаушысы.
2001 жылдан 2002 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппарат секторының меңгерушісі, кеңесші, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының экономикалық реформа және аймақты дамыту комитеті хатшылығының сектор меңгерушісі
2002 жылғы тамыздан бастап – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі егін шаруашылығы департаменті,
2005 жылғы қыркүйектен – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары
2006 жылғы ақпаннан – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі егін шаруашылығы департаментінің директоры
2008 жылғы қыркүйектен бастап – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Вице-Министрі.
http://minagri.gov.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=205&Itemid=96&lang=kk
