Осыдан тура бес жыл бұрын, 2005 жылғы 22 маусымда, «Қазақ Интернеті» қоғамдық бірлестігі құрылған еді. Негізгі мақсаты ана тілімізде Интернет-кеңістікті қалыптастыру, оның проблемаларын зерттеу және дамыту болды. Өткен уақыт ішінде қоғамдық бірлестік біраз жетістіктерге де жетті. Сонымен қатар «Әттеген-ай!» дегізетін, кемшін тұстары да болды.
2005 жылғы күзде ұйымның алғашқы жасаған жұмыстарының бірі Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің сайты www.egemen.kz болды. Қазіргі таңда еліміздің бас газетінің сайты Интернеттегі оқырмандардың саны жөнінен алдыңғы орындағы сайттардың қатарынан табылып отыр.
2006 жылы ерекше талпыныспен еліміздегі алғашқы Интернет-газеттердің бірі Qazaq.kz дүниеге келді. Сол жылы Интернет-өкілдік аясында қоғамдық бірлестік тұңғыш қазақша пошталық сервер мен іздеу жүйесін ашып, 8 маусым күні Алматы қаласында тұсаукесер рәсімін жасаған болатын. Өкінішке орай Пошталық сервер тек жарты жыл уақыт ғана өмір сүріп, қаржы тапшылығынан жабылып қалды. Іздеу жүйесінің де тағдыры солай болды.
«Қазақ Интернеті» қоғамдық бірлестігінің Qazaq.kz Интернет-газеті 2006-2007 жылдары Әлеуметтік маңызы бар жобалар тендеріне қатысып жеңімпаз болып табылды.
Ұйым тарапынан сонымен қатар «Ана тілі» (www.anatili.kz), «Алаш айнасы» (www.alashainasy.kz) газеттерінің, «Мұқағали» (www.mukagali.kz), «Намыс» (www.namys.kz) сияқты белді журналдардың жалпы саны 50-дің үстінде көптеген сайттар жасалды.
«Қазақ Интернеті» қоғамдық бірлестігінің қызметіне әр жылдары Сергей Максимов, Асқар Какыбаланов, Шырзат Ізгілік Нағиев, Ғалымжан Жексембаевтар үлестерін қосса, қазіргі таңда Аршат Оразов, Ерлан Оспан, Әйгерім Әлімжан, Күләш Бәкірова және Серікқазы Какыбаланов сынды мамандар жемісті жұмыс істеуде.
Серік НАЗАР
30.07.2010 at 8:31 pm
8-750-111-0-111 қосылайық (ҚР бойынша), ондағы веб беттегі ресурстарды қалай іздестіруге болады. Мен білетін ең алғашқы “катологизатор” http://www.site.kz ешқайсысі әрі кеткен жоқ. Ресейдегі yandex.ru кеңейтіліп yandex.kz болғаны пайдасы бар егер 8-750-101-0-101 қосылса тарифтері әр түрлі. Мегалайн Старт 800 Мбайттан кейін қазақстан интернетімен қолдан, бірақ іздестіре алмайсын. Ең бастысы ақпаратты орналастыру мен іздестіру ғой, ал бізде бір екі веб ресурстан қолданудан аспайды, бұрын izdeu.qazaq.kz болғанда қуанғанбыз ендігі олда жоқ. Техника тілімен айтқанда ПӘК (пайдалы әсер коэффициенті) өте төмен!