Қызылорда облысы әкімінің 2010 жылғы 18 маусымдағы өкімімен Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев облыстық қаржы басқармасының бастығы болып тағайындалды.
М. Ергешбаев 1966 жылы Қызылорда қаласында туған. Мамандығы – экономист. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Сырдария ауданы “Жамбыл” атындағы кеңшардың экономисі болып бастаған. Аудандық өнеркәсіп бірлестігінің бөлім бастығы, “Әлем Банк Қазақстан” АҚ бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, облыс әкімі орынбасарының кеңесшісі, “Халық банк” АҚ облыстық филиалының директоры, облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары, қалалық қаржы бөлімінің бастығы, ҚР Төтенже жағдайлар министрлігіне қарасты “Өрт сөндіруші” АҚ вице-президенті қызметтерін атқарған.
2008 жылдың шілде айынан Қызылорда қаласының әкімі қызметін атқарып келді.
Қызылорда облысы әкімінің 2010 жылғы 18 маусымдағы өкімімен Мархабат Жайымбетов Қызылорда қаласының әкімі болып тағайындалды.
М. Жайымбетов 1965 жылы Қазалы ауданында туған. Мамандығы – техник-электрик, инженер-электрик, инженер-экономист. Қызылорда политехникумын, Волгоград ауылшаруашылық институтын, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Қызылорда қаласындағы “Главагрореммаш” жөндеу механикалық зауытының энергетигі болып бастаған. “Оңтүстікмұнайгаз” АҚ инженер-энергетигі, “Хариккеейн Құмкөл Мұнай” ААҚ энергетика басқармасының бас энергетигі, бөлім бастығының орынбасары, “Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз” АҚ бөлім бастығы, “ҚызылордаАгрореммаш” АҚ, “РМЗ-Шапағат” ЖАҚ директорлар кеңесінің төрағасы, облыстық төтенше жағдайдар департаментінің бастығы қызметтерін атқарған.
2008 жылдың мамыр айынан облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.
Қызылорда облысы әкімінің 2010 жылғы 18 маусымдағы өкімімен Нұрлан Телманұлы Ұранхаев облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Н. Ұранхаев 1965 жылы Семей қаласында туған. Мамандығы –инженер-механик, экономист-менеджер, инженер-құрылысшы. Қазақ политехникалық институтын, Қазақ қаржы-экономикалық институтын, Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылы Семей қаласындағы “Казпромтехмонтаж” тресінде темір ұстасы болып бастаған. “Зергер” өнеркәсіп-қаржы корпорациясының, “Аққұс” АҚ, “Сұңқар” ЖШС президенті, “Сарыарқа” АҚ сенімді басқарушысы, “Казиркутсклес” БК бас директоры, Шығыс Қазақстан облыстық энергетика, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік басқармасының бастығы, облыстық сәулет, қала құрылысы және құрылыс басқармасы бастығының орынбасары-күрделі құрылыс басқармасының бастығы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Комитет төрағасының орынбасары, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі бөлім меңгерушісінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған.
2009 жылдың мамыр айынан “Ертіс” ӘКК басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді.
http://www.e-kyzylorda.kz/kaz/Events/news/regnews/Pages/190610_4.aspx
Кеше облыс әкімі Болатбек Қуандықов қала әкімдігінің мәжіліс залында активпен кездесіп, өз өкімімен Қызылорда қаласының әкімі қызметіне тағайындалған Мархабат Жайымбетовті таныстырды.
Активпен кездесуде аймақ басшысы осыған дейін қалаға басшылық жасаған Мұрат Ергешбаевтың жемісті жұмыс жасағанын атап өтті. Түрлі саладағы серпінді бастамалар қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға негіз болды. Бірқатар коммуналдық проблемалар шешіліп, қала көркейе түсті. Мемлекеттік қызметте тәжірибе жинаған Мұрат Ергешбаевқа енді облыстық қаржы басқармасының жүйесіне басшылық жасау сеніп тапсырылып отыр.
Осыдан кейін аймақ басшысы қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен қала әкімі қызметіне тағайындалған Мархабат Жайымбетов жайлы айтып өтті.
- Бұған дейін облыс әкімі орынбасары қызметін атқарған Мархабат Жайымбетұлы өңірдің энергетика, газдандыру, индустрияландыру саласына жетекшілік жасады, – деді облыс әкімі. – Инвестициялық жобалар уақытылы, әрі сапалы атқарылды. «Жол картасы» бағдарламасы аясында атқарылған ауқымды жұмыстарды дәйектілікпен үйлестіре білді.
Өз кезегінде М.Ергешбаев бірге қызметтес болған әріптестеріне алғысын жеткізді.
Облыс әкімі сөз соңында Мархабат Жайымбетовті жауапкершілігі мол қызметке кірісуімен құттықтап, оған маңызды тапсырмалар жүктеді.
http://www.e-kyzylorda.kz/kaz/Events/news/regnews/Pages/190610_5.aspx