Сотта жаңа төрағалар

Қазақстан Республикасы Президентінің үстіміздегі жылдың 15 маусымындағы Жарлығымен Қостанай облыстық сотының кассациялық сот алқасының төрағасы болып Қылышпай Сәлмұхамбетов тағайындалды.

1990 жылы Свердлов заң институтын бітірген Қ.Сәлмұхамбетов судьялық қызметті 1993 жылы Рудный қалалық халықтық сотының судьясы болудан бастап, 1996-2002 жылдар аралығында аталған сот төрағасы болып қызмет атқарған. Соңғы 8 жылда Қостанай облыстық сотының судьясы болып еңбек еткен Қылышпай Желкабайұлын жаңа тағайындалуымен құттықтаған облыстық сот төрағасы Бағлан Мақұлбеков бұл қызметке облыстың жалпы жағдайын, сот жұмысын етене білетін адамның келуі сот жұмысын жақсартуға айтарлықтай әсер етеді деп сенетіндігін тілге тиек етті.

Сонымен қатар бұған дейін Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы болып қызмет еткен Жәйлебаева Жанар Алықпашқызы және Жітіқара аудандық сотында 15 жыл судья болған Зинина Галина Викторовна Қостанай облыстық сотының судьялары болып, ал облыстық сот судьяы Нұров Сергей Мұратұлы Қостанайдағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот төрағасы болып тағайындалды. Соңғы бірнеше жылда Амангелді аудандық сотының төрағасы болған Нысанбаев Бағдат Маратұлы Арқалық қалалық сотына төраға болды.
Пленарлық мәжілісте жаңадан тағайындалған жас судья Дезиев Ибрагим Муцалхаевич Қазақстан Республикасының Ата заңын қатаң сақтап, әділ сот шешімін шығаруға ант қабылдады. 2002 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік мемлекеттік университетін, 2009 жылы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған И.Дизиев Рудный қалалық сотының судьясы болып тағайындалды.

22.06.2010

Ләззат Байғожина, Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі

http://www.supcourt.kz/kz/news/index.php?ELEMENT_ID=17868

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*