Қазақстан СІМ-нің Ресми өкілі Асқар Абдрахмановтың 2010 жылы 21 маусымда брифингте сөйлеген сөзі

23 және 24 маусымда Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Іс басындағы Төрағасы, Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың Түрікменстанға ресми сапары орын алады.

Сапар барысында Түрікменстанның Президенті Гурбангулы Бердымухамедовпен, Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен, Меджлистің төрайымы Акджа Нурбердыевамен кездесулер жоспарланған. Алдағы келіссөздер барысында тараптар Түрікменстан мен Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы арасындағы әрекеттестік және қазақ-түрікмен екіжақты қарым-қатынастарының өзекті мәселелері жайында пікір алмасады деп күтілуде. Сондай-ақ, Қанат Саудабаевтың өзі басшылық ететін халықаралық ұйымның Ашхабадтағы орталығының жұмысымен танысады.

Түрікменстанға сапардың екінші күнінде Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Іс басындағы төрағасы Орталық Азия және Каспий теңізі аймағында қарусыздану мәселелері жөніндегі халықаралық конференцияның ашылуында сөз сөйледі. Қанат Саудабаев сондай-ақ, Каспий аймағындағы барлық мемлекеттердің  сыртқы саяси мекемелердің басшылары қатысатын конференцияның «Орталық Азия мен Каспий теңізі аймағындаңы қарусыздану саласындағы ахуалға шолу және талдау жасау» деп аталатын бірінші пленарлы жиналысында баяндама жасайды деп күтілуде.

http://portal.mfa.kz/portal/page/portal/mfa/kz/content/News/nws2010/2010-06-21

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*