Ақтаудағы қатаң тәртіптегі колониядан 21 қылмыскер қашып кетті

Сейсенбі күні Маңғыстау облысының әкімшілігік орталығына жақын маңдағы қатаң тәртіптегі колониядан бір топ қылмыскер қашып кетті, деп хабарлайды құқық қорғау органдарындағы дереккөз.

ҚР әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) ГМ-172/1 мекемесінен түрлі қылмыстар үшін жазасын өтеп жүрген 21 адам қашып кеткен, дейді дереккөз.

Белгілі болғанындай, қылмыскерлер таңғы сағат 4 пен 5 –тің аралығында қашқан. «Тікенекті сымнан жасалған жасанды кедергілерден және із-бақылау жолағынан, негізгі қоршау жүйесінен өткен тұтқындар жасырынып үлгерген», – деп мәлім етті дереккөз.

Қашқан қылмыскерлердің жасы мен олар сотталған ҚР ҚК баптары хабарланбай отыр. Алайда құқық қорғау өкілдерінің айтуынша, әдетте қатаң тәртіптегі колонияларға ауыр қылмыстар жасаған азаматтар мен рецидивстер қамалады.

Сондай-ақ, ҚАЖК мен ҚР ІІМ ішкі әскерлерінде (ІӘ) болған оқиға туралы нақты мәлімет әлі жоқ. Ведомстволардың өкілдері басталған қызметтік тергеуге сілтемелеп, колониядағы жағдайға қатысты түсініктеме бермей отыр.
Комитеттің өзін таныстырмаған өкілінің айтуынша, колония учаскесін күзеткен ІӘ сақшысының қашқын қылмыскерлерге қарсы қару қолданған-қолданбағаны белгісіз.

Әділет министрлігінің өкілдері де бір топ қылмыскердің қашқанын қуаттады, бірақ түсініктеме бере алмады.
Маңғыстау облысының ІІД колониядағы оқиғаға байланысты полиция гарнизоны аяғынан тік тұрғызылғанын хабарлады. Аймақта «Дабыл» жоспары жарияланды.

Дереккөз: ҚазТАГ

http://www.today.kz/kz/news/incident/2010-06-22/1391

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*