Батыс Қазақстан облысында заңсыз қамауда ұсталған азамат прокурор көмегімен босатылды

21 маусым 2010
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы прокуратурасымен әкімшілік қамауға алынған тұлғаларды АІІБ, медициналық айықтырғыш, аудандық ішкі істер органдары қызметтік кеңсесіне, уақытша ұстау изоляторына (кейін-УҰИ) алып келу және қамауда ұстаудың заңдылығы тұрақты негізде тексеріліп тұрады.

Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде аудандық прокуратура қызметкерлерімен қызметтік кеңсе мен уақытша ұстау изоляторына 67 рет тексерулер жүргізілді.

Маусым айында, кезекті тексеріс барысында 10.01.1976 ж.т. нақты тұрғылықты жері және құжаттары жоқ тұлға ретінде ұсталған аз. В.В.Чуканцев УҰИ қамауда ұсталған.

Ішкі Істер Министрлігінің 01.06.2002 жылғы №385 бұйрығымен бекітілген, ішкі істер органдарында УҰИ ішкі тәртібі туралы Ереженің 1-т. сәйкес, ішкі істер органдарының УҰИ қылмыс жасады деген сезікпен және айыптаумен ұсталған тұлғаларға арналған.
Тиісті материалдармен танысу барысында В.В.Чуканцевті ҚР ҚІЖК-нің 132-бабына сәйкес қылмыс жасады деген сезікпен қамауға алуға негіз болмаған.

Осыған байланысты, аудан прокуратурасымен В.В.Чуканцевті УҰИ-нан босату туралы қаулы шығарылып, кінәлі тұлғаларға қатысты, АІІБ басшысына заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілді.

http://www.procuror.kz/kaz/novosti2/?cid=0&rid=1106

21 маусым 2010
Алматы: Заңды күшіне енген сот шешімін қасақана орындамағаны үшін «Автотранссигнал» АҚ президенті Н.Ф.Загородский сотталды

Жетісу ауданы прокуратурасымен сот Әкімшілігінде Сот орындаушылардың жұмыс барысын, сот актілерінің орындалуының заңдылығын прокурорлық қадағалау жасау кезінде сот шешімін қасақана орындамай жүрген тұлғалар анықталды. Мысалы, 06.01.2009 жылы аудан прокурорымен заңды күшіне енген сот шешімін қасақана орындамағаны үшін «Автотранссигнал» АҚ президенті Н.Ф.Загородскийге ҚР Қылмыстық Кодексінің 362 бабының 1 тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Сотпен барлық азаматтық және қылмыстық іс материалдары зерттеліп, Н.Ф.Загородскийдің кінәсы толық дәлелденді, атап айтқанда акционер В.Н. Алебьевқа оның акцияларды заңды түрде алғанын жасыру мақсатында акция қозғалысы туралы реестрді қасақана бермеген. 07.06.2010 жылы Жетысу ауданы сотымен 04.12.1959 жылы туған Загородский Николай Федорович ҚР Қылмыстық Кодексінің 362 бабының 1 тармағымен (заңды күшіне енген сот шешімін қасақана орындамау ) кінәлы деп танылып, оған осы бабпен 40 айлық көрсеткіш есебінде айыппұл тағайындалды. Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

http://www.procuror.kz/kaz/novosti2/?cid=0&rid=1104

22 маусым 2010
Бикеш 8 жыл бас бостандығынан айырылды

Ақтөбе көлік прокуратурасымен тергеу мен анықтау заңдылығын қадағалау барысында ҚР ҚК 259 бабының 1-1 бөлімі – аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз иемдену, тасымалдау немесе өткізу мақсатынсыз сақтау және ҚР ҚК 250 бабының 4 бөлімі – аса ірі көлемде есірткі затының контрабандасы бойынша айыпталған Садыкова Жұлдызға қатысты қылмыстық іс зерделеніп, Ақтөбе облысының қылмыстық істер бойынша Мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Қырғыз Республикасының азаматшасы 1982 жылы туылған Ж.Садыкова тергеумен анықталмаған азиялық «Сырғақ» есімді ер кісіден Ресей Фдерациясының Мәскеу қаласындағы «Бақыт» атты жігітке беру үшін ақша қаражатына аса ірі көлемде гашиш есірткі затын сатып алған.

Есірткі затын табуды қиындату мақсатында Ж.Садыкова оны жол жүру сөмкесінің түпкі екінші қабатына жеке заттарымен бірге салған. Есірткі заты бар аталған сөмкені «Мерке» кеден постынан жасырып, жеке таксиде Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына тасымалдап келген.

Одан кейін, Садыкова Қазақстан Республикасының Луговая стансасына келіп, есірткі затын Ресей Фендерациясының Мәскеу стансасына жеткізу мақсатында «Бишкек-Мәскеу» бағытындағы №27 жолаушылар поезына отырған.

29.04.2010 жылы «Темір жол» кеден постында Ақтөбе облысы бойынша КБД қызметкерлерімен «Жайсаң-Железнодорожный» ХКТ-ның өткізу пунктінде «Сэра» лақап атты қызметтік-іздестіру итін пайдалану арқылы айғақтардың қатысуымен қарау кезінде Садыкованың сөмкесінің түпкі екінші қабатынан скотчпен оралған полиэтиленді пакет анықталып, оның ішінен престелген тікбұрышты плитка тәріздес, ерекші өткір иісі бар, қоңыр-жасыл түсті зат табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес атамыш зат жалпы салмағы 1629,0 грамм гашиш есірткі заты.

Ж.Садыковаға қатысты аталған қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралып, Ақтөбе облысының қылмыстық істер бойынша Мамандандырылған ауданаралық сотының 2 маусым 2010 жылғы үкімімен ол айыпты деп танылып, 8 жыл бас бостандығынан айырылды.

http://www.procuror.kz/kaz/novosti2/?cid=0&rid=1108

Subscribe to Comments RSS Feed in this post

One Response

  1. “Заң бұзушылықты жою” дегеніміз “заңдылықты қалпына келтіріп, азаматты босату” дегенді білдіретін шығар. Ал заңды біліп, не, білмей бұзған заң қызметкеріне азаматтың конституциялық құқын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылуы тиісті Заң бар емес пе? Оны қолданысқа келтіріп, “Заң бұзушылықты” неге толығымен қалпына келтіру қажеттігі туралы неге айтпаған? Әйтпасе, біреу заңсыз зардап шекті де, оған зардап шеккізген заңнан тысқары қалды. Осы да Заңды қалпына келтіру ме?

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*