Е тобынан Нидерланд пен Жапония құрамалары шықты. Олар топтық соңғы кездесулерінде сәйкесінше Камерун мен Дания командаларын жеңді.
Көрші F тобындағы сияқты таң қалатын ештеңе болған жоқ. Өзінің мықтылығын дәлелдеген қызғалдақтар елінің футболшылары келесі сатыға өтсе, жапондар еңбекқорлығы мен табандылықтарының арқасында топтан суырылып шықты.
Камерун-Нидерланд 1:2
Голдар: Ван Перси (36), Это’О (65), Хунтелар (83)
Дания-Жапония 1:3
Голдар: Хонда (17), Эндо (30), Томассон (81), Окадзаки (87)
Е тобының қорытынды кестесі
Нидерланд 9 ұпай
Жапония 6 ұпай
Дания 3 ұпай
Камерун 0 ұпай
QazaQ.kz