Қазақта «аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін» деген мәтел бар. Сол секілді бізде сөзі түзу болмаса да, орыстілді басылымдарға жүгіну басым. Мысалы, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Бернд Шторктің баспасөз жиыны сайын «сіздер, журналистер, былай жазасыздар, солай жазасыздар» деп, өкпе-назын ақтаратыны бар. Содан «сіз қандай газеттер оқып жүрсіз, қалай оқып жүрсіз, қазақша газеттерді қарайсыз ба?», – деп сұрадық. Сөйтсек, жанындағы тілмаштары орыстілді газеттердегі мақалалардың мән-мазмұнын аударып береді екен. Қазақтілді газеттерді мүлде қарамаған. Бұл дегеніңіз – қазақтілді жанкүйерлер мен оқырмандардың көзқарастары және мүдделері бас бапкерге жетпейді деген сөз емес пе?
Қазақтілді спорт журналистерінің жағдайы кейінгі кезде ғана жақсарып келеді. Десек те, мемлекеттік тілде қалам тартып жүрген спорт журналистерінің мұң-мұқтаждары жоқ емес.
Бірінші кезекте айтарымыз – ел спортының өзі бірнеше жыл басқа министрліктердің құрамында агенттік немесе комитет болып келді. Тек 2006 жылғы 29 наурызда ғана жеке шаңырақ көтерді. Ал қазақтілді газеттердің көбісінде күні бүгінге дейін спорт бөлімі жоқ. Спорт журналистері басқа бөлімдердің құрамында күнелтіп келеді.
Ендігі бір мәселе – біздегі спорт басшылары қазақтілді газеттерді оқымайтындай. Мүлде оқымайды емес, араларында бірен-саран оқитындары бар шығар. Бірақ бәрінің аңсары орыстілді басылымдарға ауған. Тіпті ұлты қазақ басшылардың өздері орыстілді басылымдарға бет бұрып алған. Бірде мынадай бір қызық болды. Төрт жылда бір өтетін дүбірлі додаға барғанбыз. Бір аламан жарыстың арасында сол додаға барған санаулы журналист басшылармен кездесіп, мәре-сәре болдық та қалдық. Туған елден вице-министр келіпті. Спорт комитеті басшысы вице-министрге «танысып қойыңыз, бұлар біздің журналистер, мына тұрған – қаламы қарымды Иванов, ал мынау теледидар тарланы – Сидорова» деп қасымызда тұрған орыстілді журналистерді айрықша таныстырып, мақтауын келістіре бастады. Дәл сол жерде біз бұған ренжіген жоқпыз. Титтей де. Шын айтамын. Тек әділетсіздікке күйінгеніміз болмаса. Өйткені әлгі екі журналист басшылардың алдында құрдай жорғалағандарымен, түптеп келгенде, қазақ спортына жандарының күйіп жүргені шамалы еді. Тіпті өздерін мақтап тұрған басшының емес, Ресей спорты басшыларының қамы мен тағдырына қабырғалары қайысып жүргенін сезетінбіз. Дәл сол кезде олар «Ресей алтын ала алмай жатыр-ау», «енді В.Муткоға қиын болатын болды», «Л.Тячачевты орнынан алып тастамаса етті» деген сауалдардың жетегінде жабырқап жүрген-тін…
Қазақта «аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін» деген мәтел бар. Сол секілді бізде сөзі түзу болмаса да, орыстілді басылымдарға жүгіну басым. Мысалы, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Бернд Шторктің баспасөз жиыны сайын «сіздер, журналистер, былай жазасыздар, солай жазасыздар» деп, өкпе-назын ақтаратыны бар. Содан «сіз қандай газеттер оқып жүрсіз, қалай оқып жүрсіз, қазақша газеттерді қарайсыз ба?», – деп сұрадық. Сөйтсек, жанындағы тілмаштары орыстілді газеттердегі мақалалардың мән-мазмұнын аударып береді екен. Қазақтілді газеттерді мүлде қарамаған. Бұл дегеніңіз – қазақтілді жанкүйерлер мен оқырмандардың көзқарастары және мүдделері бас бапкерге жетпейді деген сөз емес пе?
Қазір біздің спорт саласындағы басты мақтанышымыздың бірі – «Астана» велоклубы. Еліміздің атын төрткүл дүниеге паш етіп жатқан команданы бәріміз де жақсы көреміз. Жерімізді жер-жаһанға жарнамалап жатқан жобаны біздің де жанымыз сүйеді. Бірақ осы «Астана» қазақтілді жанкүйерлер мен оқырмандарға арналмағандай. Биылдан бастап «Астананың» шетелдегі елеулі оқиғаларына туған елден журналистер апарыла бастады. Бірақ араларында бірде-бір қазақтілді журналист жоқ. Баратындар – белгілі бір журналистер тобы ғана. Мұны да істеп жүрген – әлгіндей «делдалдар», ортадағы үйлестірушілер. Қазақты қазақтың мақтанышынан әрірек ұстап жүрген – солар. Неге қазақ журналистері де барып, жеріміздің суынан жаралып, еліміздің нуынан нәр алып отырған команданың бетке ұстар серкесі Альберто Контадормен жүзбе-жүз кездесіп, оны оқырмандармен жақынырақ таныстыру мүмкіндігіне ие бола алмайды?! Неге қазақ журналистері Александр Винокуровпен аламан бәйге барысында, шабыты келіп, толқып тұрған шағында сөйлесе алмайды?! Әлде бізге үйіне демалуға келгенде, яғни бар әсері тарқап кеткен соң, іздеп жүріп тілдесу ғана жазған ба?
Сондай-ақ футболдан Оңтүстік Африкада өтіп жатқан әлем чемпионатына Қазақстаннан үш журналист кетті. Үшеуі де орыс тілді журналистер екендігі айтпаса да түсінікті болар.
Дегенмен қазақтілді журналистер де ескеріле бастады. «Астана» велоклубы жайлы жазғанымызға қарап, бар ойымыз шетелге шығу екен деп қалмаңыз. Биыл, мысалы, ҚР Туризм және спорт министрлігі Ванкувер Олимпиадасына төрт журналист және бір фототілші апарды. Төрт журналистің тең жартысы, яғни екеуі – қазақтілді тілшілер. Тек кейбір спорт түрлеріндегі ұлттық федерациялардың әлі де қазақтілді басылымдарды елемей жүргендері болмаса.
Нұрғазы Сасаев
http://www.alashainasy.kz/?p=40252
18.08.2010 at 6:48 pm
Сөзіңіздің жаны бар Нұрғазы аға. негізі солай. оны жанамаламай басып айту керек. оқымайды ма оқымайды, оқи да алмайды. керек те қылмайды және оқыса да түсінбейді деп. Көпке топырақ шашуға болмайды. Бірақ сол көп деп отырғандар орыс ойлыларға қосылады. содан спорт журналисттері қалай дамысын!