Мексика шығанағына төгіліп жатқан мұнайды екі айдан кейін тоқтатуға болады. Бұны Вашингтонда өткен баспасөз маслихатында Америка президенті Барак Обама мәлімдеді. Біздің білуімізше, мамандар тамыздың басында кеніште жаңа құбыр орнатады. Соның арқасында, қысым төмендеп, «қара алтын» тасқынын бәсеңдетуге мүмкіндік туады. Дегенмен, оған да сену қиын.
Кейбір мамандардың пікірінше, су түбіндегі ағын күзде ғана тоқтауы мүмкін. Ал, оның зардабын жоюға жылдар кетуі ғажап емес. Әзірге мұнайды арнайы реагентпен жинап жатыр. Бірақ, нәтиже шамалы. Теңіздің жүздеген шақырым жағалауын қара дақ басып, сирек кездесетін жануарлар қырыла бастаған. Ал, балық шаруашылығымен күнелтіп отырған қалаларда тіршілік тоқтап қалғандай.
Барак Обама, АҚШ президенті
Мұнайды қайтсек те қалқып алумыз керек. Оған біраз уақыт, қыруар күш жұмсау қажет болады. Апаттан шығанақ жағалауына ғана емес – экономикаға да орасан зиян келді. Ол үшін жауапты Би-Пи компаниясы халыққа өтемақы төлейді. Бірақ, мен бір нәрсеге мен бек сенемін. Біз – бұл дағдарыстан да өтеміз.
Арыстан Рысбек
http://kaztrk.kz/news/newsdetial.php?ELEMENT_ID=33229