Национализм

Национализм (Nationalism) франциялық (nation) сөзінен алынған. Осы кездегі саяси мәдениетте бұл сөздің түсінігі “ұлтшылдық” мағынасына өзгерген. Саяси терминдер мәдениетіне байланысты кітаптар мен ақпарат құралдар “национализм” деген сөзді бір ұлтқа мүше ретінде көрсетеді.

Ұлттық хабардар болу түсінігі көбісінде ұлт, тіл және әдеп-ғұрыптармен байланысты. Әлбете әр халық өзінің Отанын және оған кіретін түсініктерді жақсы көреді. Бірақ егер де бір халықтың сүйіспеншілігі мөлшерден артық болса, ұлтшылдық адамзат қоғамына зиян келтіретін, яғни басқа халықтарды қабыл етпеу сезімдеріне және соғысқұмарлыққа тірелуі мүмкін.

Национализмнің тарихи тамырын зерттеу салаларда жазушылар национализмді көне құбылыс және оның тамыры қоғамның бірінші кезеңдерінен орын алған деп санайды. Бірақ Еуропадағы жаңа национализм ХVІ ғасырдың жартысынан кейін пайда болды және оның дамуы ХVІII-XIX ғасырларда жалғасты.

XIX ғасырдың национализмі Еуропа қоғамындағы жоғары топтардың және саяси оңшылдардың идеологиясы саналады. Бұл кезде халық деген түсінік қоғамның жоғары топтарына байланысты болды. Сондай-ақ XIX ғасырдағы национализмнің келесі ерекшелігі – мәдени национализмнің пайда болуы. Бұл кезде адамдардың ұлттық сезімдерін нығайту үшін ұлттың немесе тілдің артықшылығы туралы жалған ойлар пайда болды. Тіл мен білім және тәрбиенің бір болуы, халықты бір шетелдік құдыреттің шабуылымен қорқыту, ұлттық ұран және ту секілді ұлттық рәміздерді шығару халықтың ұлттық сезімін көтеретін келесі бір әрекеттерден болды. Бұл кездегі национализм экстремистік ұлтшылдық, билікқұмарлық, бақталастық сипаттарымен белгілі және олар халықтардың бір-біріне деген ниеттерінің қаралануы және қарама-қайшылықтардың пайда болуына себеп болды.

ХХ ғасырда Еуропадағы национализм жылдамдықпен таралып, өзінің жоғары нүктесіне жетіп, әлемдік соғыстардың басталуына себеп болды. Бұл кезеңде Еуропадағы экстремистік национализм нацизмнің фашизм секілді үрейлі түрі және тотаритарлық қозғалыстардың сахнаға келуіне әкелді.

Әлбете Еуропадағы национализмнің тамыры Азия мен Африка құрлықтарындағы национализмнен айырмашылығы бар. Азия мен Африкадағы националзм халықтардың үстем құдыреттерге қарсы көтерілістері ретінде пайда болды. Осы дәлелмен ХХ ғасырдың жартысынан кейін ұлттық мүдделерді қорғайтын азаттық талап ететін қозғалыстармен бетпе-бет келдік. Олар аймақтағы үстем күштердің құзырына қарсы болып, халықтардың реакциясын көрсетті. Бірақ олар аймақтардағы халықтардың жағдайын өзгерте алмады. Таяу Шығыстардағы араб мұсылман елдердің ұлттық қозғалыстарын қарастыратын болсақ, бұл ақиқатты айқын көреміз.

Бірінші дүниежүзілік соғысынан кейін Таяу Шығыстағы араб жерлері кішкентай және үлкен мемлекеттерге бөлінді және Англия мен Францияның қоластында болды. Аймақтағы билікқұмар, үстем күштердің құзыры тәуелсіздікті талап ететін қозғалыстардың пайда болуына себеп болды. Бірақ аймақтағы үстем құдыреттердің тікелей билігі аяқталып, еуропалық әскерлер өз елдеріне қайтқан кезде аймақта әлемнің қазіргі саяси мәдениетінде қолданылатын национализмнің түрі пайда болды. Бүгінгі саяси мәдениетте оны “араб национализмі” деп айтады. Бұл құбылыс Таяу Шығыстағы мұсылман халықтарға ешбір пайда әкелген емес.

Ислам дінінде бір мемлекеттің азаматы болу ортақ сенімдерге сүйенеді және национализм, анықтап айтқанда ұлтшылдық мәселесі қарастырылмайды. Осы дәлелмен араб әлемінде Джамал Абдул Насыр барлық араб үкіметтерін Құдсты басып алушы режим және оның демеушілеріне қарсы күреске бір ұлттық басшы ретінде шақырғанда орынды мезгілге қарамастан, араб национализмі исламдық мәдениет пен құндылықтарға сүйенбегендігінен өз мақсаттарына жетпеді. Осы себептен Мысыр мен Сирияның біртұтас араб республикасы ретінде бірігуі екі ретте де нәтижеге жетпеді.
Мұсылман халықтары арасында национализм немесе ұлтшылдықтың нәтижеге жетпеуінің келесі бір дәлелі – Палестина мәселесі. Палестина өзгерістеріне жасаған шолу бұл жердегі қозғалыстың осыдан бірнеше онжылдық бұрын тек ұлттық ынталарға сүйенгенін көрсетеді. Бұл қозғалыс тек исламдық құндылықтарға ерекше назар аударғаннан бастап, оң нәтижеге жетті.

Мұсылман мемлекеттеріндегі национализмнің нәтижеге жетпегінінің келесі бір үлгісі ретінде Иранды қарастыруға болады. Иранның қазіргі тарихында ұлтшылдар күрделі әрекеттерге қол жеткізе алмады. Олар 1950 жылдардың басында Иранның мұнайын өз қолында ұстаған. Бірақ мұнайды ұлттық қорға айналдырудың исламдық ынталары болмағандығынан, олар өз мақсаттарына жете алмады. Діни мәдениетті Иран секілді мемлекеттерде тек Ислам негіздеріне сүйенген қозғалыстар ғана нәтижеге жете алады. Иранның исламдық революциясы кезінде Ислам тараптастары шах режимінің үкіметін құлатып, бұл мемлекеттегі бөгделердің құзырын тоқтатты.

Әлбете осы кезге дейін әлемнің кейбір мемлекеттері, атап айтқанда Еуропада националистік идеология бір саяси күш ретінде бұл мемлекеттердің өзгерістеріне әсер етіп отыр.

http://kazakh.irib.ir/index.php?option=com_content&task=view&id=6671&Itemid=44

Subscribe to Comments RSS Feed in this post

One Response

  1. Адамзат нешебір топтарға кіреді : ұлт , ұру , жүз ,тайпа тт. Бірақ бұлардың бәрі бір ерлі – зайыптан тараған соң ақыр соңында бастары қосылуға тура келеді . Әлгі айырмашвлвқтар тек қана бір – бірімен танысуға жарайды . Адамзаттар бір – бірінің құқықтарын құрметтемесе ұрыс керестен барып қырқыса берсе бірлік берекеттен жұрдай болып құты қашатыны тарихтан белгілі . Сондықтан әзәзілдің азғырунан Аллаһ тағалының жолдауна сыиынып бейбіт тіршілікке қол жеткізу керек те әжеп – тәуір мүмкін . Мәселен Қазақстан азаматтары осындай мұддеге бола бірігіп қазақтардың үш жүзі , Ұру мен тайпалары , бас қосып басқа ұлыстармен одақтасам десе Ислам идиологиясы бұл шаруанының басын қайыруға сұранып ақ тұр . Бұл мүдденің айғағы ретінде Пайғамбар ( с.ғ.с.) басқарған мәдйне қаласына зер салып қарасақ жетеді . Ол киелі шаһарда азаматтар , нәсіл , ұлт , тайпасына қарамастан бір азаматтық та құқықтық ең алғашқы жазыбаша конституция бойынша шартасып барлық істерде атсалысқан екен . Сонымен олар аз ғана бір заман шеңберінде екі алпауыт Рим мен Иран империаларын еңсертіп , одан барып мұсылман Қазақтар анталаған Қытайға тойтарыс бергені баршаға мәлім . Ал бүгінгі Қазақ кез келген қонағына мазақ болып жүргені неден екенін аңғару онша қиын емес шығар .

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*