Шаңырақтың шаттығы

Елбасының өзі ерекше назар аударып, үлкен ықылас қойып отырған Алатау ауданы күн  санап жайнап келеді десек артық айтқандық емес. Мұнда тұратынын мақтаныш ететін азаматтардың бірі ретінде мен Алатау ауданының бізді болашаққа алып баратынына нық сенемін. Жасалынған игі істерді атап айар болсақ, осыдан бірнеше жыл бұрын елім, жерім деп келген оралман қандастарымыз, күн көріске Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас жанұялар жаппай алаяқтарға алданып, жалған шешіммен жер телімдеріне ие болған.

Алданған халық қателіктерін түсінген кезде көптеген қиыншылыққа ұшырады, мәселе жылдар бойы шоғырлана берді, қиналған халықтың тілеуі мен тілегі шығар халық ортасында Алатау ауданы құрылғалы бері «Шын жыласа, соқыр көзден жас шығар» деушілер саны көбейді. Осы 2 жыл ішінде үш мыңнан аса жанұя мемлекеттік актілерін қолдарына алып, қорқыныш сезімдері артта қалып, билікке сенім білдіретін болды.

Билік тарапынан жасалынып жатқан игі істермен, жоспарланып жатқан жұмыстармен күнделікті БАҚ арқылы танысып, қуанышқа бөленудеміз. Ауданымыздың орталығы саналатын , яғни өзім тұрып жатқан Шаңырақ-2 ықшам ауданы көз алдымызда гүлденуде. Бой көтерген № 164 бала-бақша қазіргі талаптарға сай, өте әсем ғимарат. Жақында емханамыз да тұсау кесер рәсімін тойламақшы. Әкімшілік маңайынан қаз-қатар ашылып жатқан, халыққа қызмет көрсету орталығы, прокуратура, сот, салық басқармасы сынды қызмет орындарының бір жерде орналасуы халық үшін өте тиімді.

Қуанышты сәттерде де билік басшылары халықты назардан тыс қалдырған емес. 8-наурыз аналар күнінде әкімшіліктің үлкен залының төрінде ақ дастархан жайылып, әкіммен бірге өнер жұлдыздарының қатысуымен жақсы кеш куәсі болсақ, қарттар күнінде 100 деген ауыл қарттарын шақырып, тағы да үлкен залда мереке өткізілді, 100 ден аса тұрғынмен ауызашар берілгенде де, Жеңістің 65- жылдығын тойлаған үлкен тойда да, Алатау ауданының құрылғанына 1 жыл толуына орай Сақ қорғанында өткізілген үлкен мерекеде де біз ауданмен бірге болдық, міне 2-жыл толуына орай ұйымдастырылған бәйгеге де шақыру қағазын алып отырмыз.

Тек қариялар емес, ұстаздар күні, дәрігерлер күні, полиция күні, балалар күні сынды мерекелер еленбей қалған емес.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» медальдарымен марапаттау әкімнің құттықтауымен, гүл шоқтарын табыстауымен өтіп жатады.

«Шаңырақ-2» ықшам ауданы 300 тұрғындарының атынан Алматы қаласының басшылығына, қызметкерлеріне, Алатау ауданының басшылығына, аудан қызметкерлеріне үлкен алғысымызды білдіреміз!

Сонымен қатар, көп уақыт шешімін таппаған жер заңдастыру мәселесінде аянбай еңбек еткен қалалық басқарма басшылары және қызметкерлеріне үлкен рахметімізді айтамыз!

Бір-екі жыл ішінде көшеміздің басым көпшілігіне асфальт төселініп, жеріміз заңдасып, электр қуатымен, табиғи газбен, ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Осы уақытқа дейін күмәнмен қараған тұрғындардың көкейкесті мәселелері шешімін тауып, болашаққа халық игілігі үшін нақты қадамдарға жол басталды.

Жазитов Тегісжан – Шаңырақ-2 ықшамауданының ақсақалдар төрағасы

Уразалина Күлсін – Шаңырақ-2 ықшамауданының тұрғыны

Саймасаева Күлімхан – Шаңырақ-2 ықшамауданының тұрғыны

Сыдыкова Улбосын – Шаңырақ-2 ықшамауданының тұрғыны

Сыдыкова Бахыт – Шаңырақ-2 ықшамауданының тұрғыны

Досымова Салиха – Шаңырақ-2 ықшамауданының тұрғыны

Кобланов Марат – Шаңырақ-2 ықшамауданының тұрғыны

Ахметова Балхия – Шаңырақ-2 ықшамауданының тұрғыны

Юлдашова Гүлбахар- Шаңырақ-2 ықшамауданының тұрғыны

Белибаева Гүлмаран- Шаңырақ-2 ықшамауданының тұрғыны

Мадаутов Қайырбек – Шаңырақ-2 ықшамауданының тұрғыны

Бельгибаева Кулчарбан – Шаңырақ-2 ықшамауданының тұрғыны

Ешімбетов Қайрат – Шаңырақ-2 ықшамауданының тұрғыны

Алматы қаласы Алатау ауданы Шаңырақ-2 ықшам ауданының үш жүз тұрғындарының аты-жөні мен қолы қосымша тіркеулі.

Subscribe to Comments RSS Feed in this post

4 Responses

  1. Мақаланы оқыдым. Мақаланы жазған тұрғындарға толықтай қосыламын. Алатау ауданынң гүлденуі-көркейіуі, халықтың әлеуметтік жағдайы жоғарлауына өз қуанышымды білдіремін, Еңбек еткен ауданымыздың басшыларына мың да бір рахмет.

  2. Алатау әкімшілігі құрылғалы бері аудан халқының тұрмысы едәуір жақсарып келеді. Оны кез келген көзі ашық, көкірегі ояу жан байқайды деп ойлаймын. Осы аудан тұрғыны ретінде айтарым, қаншама жер заңдасып, тұрмысы нашар жандарға мейлінше әлеуметтік көмектер көрсетілуде екендігіне көізіміз жетуде. Жастар жағы жұмыспен қамтылып, мектеп, бала-бақша, емханаларға да ерекше көңіл бөлініп жатыр. Айналдырған екі жыл үшін бұл үлкен шара. Осы ауданның құрылып, мардымды жұмыстар атқаруына өз үлестерін қосып келе жатқан қала әкімі Есімов мырза мен аудан әкімі Мәнізоров мырзаға да алғысымыз шексіз. Аудан тұрғыны, Қазақстан азаматы ретінде біз де өз үлесімізді қоса бермекпіз.

  3. Алатау ауданына 2 жыл болады деп енди осылаи отирик мактаулар кобеиеді. Мунда жазылгандар әкімнің міндетті түрде істеуі керек жұмыстар гои. Онда сол сиақты қарапайым жұмысшыларды да мақтайық. Міндетті жұмыстарын атқарып жүргендері үшін. Халықтың салықтан жиналған ақшасына айлық алып отырып, енді қалай жұмыс істеуі керек. Осы Бағдат туралы АбайКз сайтында тікелей интернет сухбат болып жатыр. Сол жерде жазгандарга жауап берсін егер колынан келсе. Әсіресе Шанырак-2 КМС Алма туралы заңсыз жер заңдастыру туралы сұрақтарға не дейді екен. Бағдат Әкім мырза.

  4. Алматы қаласы Әкімі А. Есімов мырзаға,
    Көшірмесі: Алатау ауданы Әкімі Б. С. Мәнізоров мырзаға,
    Алатау аудандық «Нұр Отан» ХДП филиалына
    Алатау ауданы прокурорына,

    Алатау ауданы, Ұлжан ықшамауданы
    тұрғыны Мамырова Г. Т атынан:
    Тел: 8 777 055 4815. 8701417 3815

    ӨТІНІШ

    Алатау ауданы Ұлжан-1 ықшамауданында 2002 жылы Елдос, Қайрат деген жігіттерден үй салуға жер сатып алдым. Бірақ сатып алған жерім басқа адам атында еді. Кейін заңдастырып береміз деп уәде етті. Заңдастырылмады.
    Алатау ауданы құрылып, жерді заңдастыру жұмыстары басталғанда Бағдат Арипов бастаған комиссияға документтерімді тапсырдым. Кейін, ол документтерімнің жоғалып кеткені туралы хабар алдым.
    Документтер тапсырған соң жерімізге үй салып тұрғыздық. Сол үйге көшіп келіп тұра бастадық. 2009 жылы тамызда документтерімді Ұлжан ықшамауданы әкімшілігіне, Алатау ауданы әкімшілігіне тапсыруға дайындалып жүргенде, Тараз қаласында тұратын қайынатам қайтыс болды. Қаза жұмыстарымен жүргенімде, құлыптаулы тұрған үйімді Ұлжан жергілікті КМС басшысы А. И. Медеубаева бастаған комиссия мүшелері келіп жартылай бұзып кетті. Үйді толықтай бұзуға, бұл жерде адамдар тұрады, қайтыс болған қазаға кетті деген көршілердің мақұлдауынан бұза алмаған. Үй бұзу туралы сот шешімі, комиссия документтерін көргенім жоқ.
    Осы жағдайлар кейін Тараз қаласынан келгенімде Ұлжан КМС Алма Медеубаеваға сұрағанымда: Үйлерің бұзылды, үкіметке өтті деді. Үй бұзу туралы сот шешімі, комиссия шешімі документтерін сұрағанымда, тіпті көшірмесін де бермеді, ешбір құжат көрсетпеді, ауызша айтты. Қазіргі уақытқа дейін ешқандай документ ала алмадым.
    Толық жауап болмаған соң осы уақытқа дейін үйімді күзетіп, ешкімге тиіскізбей қарап жүрмін.
    2010 жылы жер заңдастыру аяқталады деген соң жерімнің құжаттарын білу үшін жеке адамдарға жерімді топосьемкаға түсіріп, мемлекеттік акт шықты ма, шықпады ма білуге талпындым.
    Жерімнің документтерін анықтап жүргенде анықтағаным бойынша, үй бұзылған жеріме Медеубаева Т. И деген азаматқа госакт шыққанын білдім. Документтердің көшірмесін алдым.
    Осы жағдайды біліп отырып, бұрыңғы Ұлжан КМС А. И. Медеубаева менің үйімнің заңсыз бұзылғаны, документтерді уақытылы тапсырылмағанын біліп отырып, қызметтік жағдайын пайдаланып, өзінің туысқаны Медеубаев Т. И деген азамат атына гос акт шығарып алған.
    Үйсіз, жерсіз қиын жағдайда қалған маған сұрақтарымның жауабын түсіндіріп беруіңізді және тиісті шарасын қабылдауыңызды өтінемін.
    1. Заңсыз үйді бұзу жағдайында комиссия шешімі, сот шешімі документтер толтырылмай ма? Әкімшілік адамдары үйің заңсыз деп документтерсіз бұзып кете бере ме?
    2. Заңсыз үйді бұзған екен, ол жер мемлекет қарауында есепте тұруы керек емес пе? Әлде әкімшілік адамдары өздерінің туысқандары атына заңдастырып алуға мүмкіндік алады ма?
    3. Жер заңдастыру кезінде қарапайым тұрғын мен әкімшілік адамының Қазақстан Республикасы азаматы ретінде құқықтары бірдей ме?
    4. Қызметтік жағдайын асыра пайдаланған бұрыңғы Ұлжан КМС Медеубаева А. И заңсыздығына қандай шара қолданылады?
    5. Үйім заңсыз бұзылса да, жер заңдастырылып, мемлекеттік акт шыққан. Жердің негізгі иесі ретінде жартылай болса да бұзылған үйімді, жерімді өз атыма заңдастыруға қандай мүмкіндік бар?

    Үйсіз, жерсіз қиын жағдайда қалған маған сұрақтарымның жауабын түсіндіріп беруіңізді және тиісті шарасын қабылдауыңызды өтінемін.

    Қосымша:
    1. План границ земельного участка м-н Улжан у-к б/н Көшірме.
    2. Ведомость координат земельного участка, 3 бет. Көшірме

    Ұлжан ықшамауданы
    Тұрғыны Мамырова Г. Т

    19.07.2010 ж.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*