Қазақ тіліндегі сайттардың саны 8%-ға артты

Соңғы бес жылдың ішінде қазақ тіліндегі Интернет ресурстардың саны 8%-ға артты. Қазақстан Интернет компаниялары Қауымдастығының төрағасы Шавкат Сабыров (суретте) бұл жайтты қазақ тілінде сөйлесу сәнге айналып келе жатқандығымен түсіндірді.

«Егер 2004 жылы мемлекеттік тілдегі сайттар барлық көлемнің тек 4%-ын ғана құраса, 2009 жылдың соңына қарай бұл 12%-ға өсті. Бұл қазақ тілінде сөйлесу күннен-күнге сәнге айналып келе жатқандығымен байланысты. Сонымен қатар мемлекеттік сайттардың барлығында (шамамен 120) қазақ тіліндегі нұсқасы болуы тиіс» – деді Шавкат Сабыров “Business Resource” тілшісіне берген түсініктемесінде.

Интернет Қауымдастықтың мәліметінше орташа есеппен алғанда қазақ тіліндегі ресурстар санының өсуі жылына 20%-ды құрайды. Бір қызығы, аталған уақыт ішінде орыс және өзге тілдегі сайттардың өсу қарқыны 7%-ға азайған.

«Қазақ тіліндегі сайттар бірте-бірте өз аудиториясын жаулай бастады. Мысалы, 2004 жылы Қазнеттегі ресурстың 82%-ы орыс және басқа тілде болатын. 2009 жылдың соңына қарай бұл сан 15%-ға азайды» деді Ш.Сабыров.

“Мінбер-ақпарат”

http://www.minber.kz/?p=2128

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*