Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау, мемлекеттік тілдің қазақ және орыс тілді басылымдарда насихатталу белсенділігін арттыру мақсатында Баспасөз күніне орай Астана қаласында «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» республикалық конкурсының марапаттау рәсімі өтті.
Бұл конкурсқа еліміздің қоғамдық өмірінде мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту мен мәртебесін нығайту, жарияланымдар мен хабарлардың сапасын жақсарту және қазіргі мемлекеттік тілдің ахуалы туралы өткір де өзекті, сыни материалдар жариялаған жекелеген тілшілер мен шығармашылық топтар және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Конкурс «Үздік басылым» «Үздік телеарна», «Үздік радио», «Үздік сайт», «Үздік автор» деп аталатын бес номинациялар бойынша өтті.
Конкурста 2010 жылғы 10 қаңтар мен 10 маусым аралығында қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген жарияланымдар, эфирден өткен хабарлар қамтылды.
Ең үздік деп танылған жүлдегерлер арнайы дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Атап айтқанда, бірінші орынды «Үздік басылым» номинациясы бойынша «Ана тілі» газеті, «Үздік телеарна» номинациясы боынша Ақтөбе облыстық «РИКА-ТВ» телеарнасы, «Үздік радио» номинациясы бойынша Қазақ радиосы (Алматы қаласы) және «Үздік сайт» ноинациясы бойынша І орындарды Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Павлодар облысы ұйымының «Қайран елім» сайты мен Қазақ мәдениеті мен тілін дамыту корпоративтік қорының «Абырой» халықаралық сайты жеңіп алды.
«Үздік автор» номинациясы бойынша І орындар:
«Сулейменов көшесі, КазГАСА, Сары-арка, Шанырак…», «Алматыда жарнама ісімен айналысатын 130 агенттік бар», «Ана тіліміздің абыройын асқақтатайық», «Рудың атымен ұрандатқан» мақалалары үшін журналист Өтеш Қырғызбайға («Алматы ақшамы» газеті);
«Қос қанатты қыз» және мемлекеттік тілді насихаттау бағытындағы бағдарламалары үшін тележурналист Елена Рыбинаға (Қызылорда облысының «Коғам-ТВ» телеарнасы);
«Дағдарыс пен даму» бағдарламасы үшін радиожурналист Жылбек Керімбекке (Қазақ радиосы) берілді.
«Үздік автор» номинациясы бойынша ІІ орындар:
«Мемлекетті біріктіретін – тіл», «Телевизия – мемлекеттік тіл жанашыры ма?», «Израиль «өлі» тілді «тірі» тілге айналдырды» мақалалары үшін журналист Айжан Көшкеноваға («Айқын» газеті);
«Тіл сақшысы» бағдарламасы үшін тележурналист Гүлнәр Амангелдіге («Оңтүстік астана ТРК» АҚ, Алматы қаласы);
«Будущее Казахстана в казахском языке» хабарлар сериясы үшін Павлодар облыстық радиосының тілшісі Шынар Мәденоваға берілді.
«Үздік автор» номинациясы бойынша ІІІ орындар:
«Языковая политика – дело деликатное» мақаласы үшін журналист Көкен Оршабековке (Жамбыл облысының «Знамя труда» газеті);
«Айтарым бар» бағдарламасы үшін тележурналист Күлтай Әбдірахмановаға «Қазақстан – Қостанай»);
«Мен қазақпын» ақпараттық-танымдық бағдарламасы үшін радиожурналист Ұлағат Ханзадаға (Қазақ радиосының «Астана» редакциясы) берілді.
«Үздік автор» номинациясы бойынша ынталандыру сыйлықтары:
«Ұлтсыздықпен күресу – ұлы мұрат», «Мемлекеттік тілді менсінбеу, Заң түзелмейінше, жалғаса береді» мақалалары үшін журналист Рәзиға Әшееваға («Алтын Орда» газеті);
«Ольганың қазақшасы қайран қалдырады», «Журналистикаға келуім шумен басталды» мақалалары үшін журналист Ғанибет Ғалымбекұлына («Нұр-Астана» газеті);
«На языке Абая» және мемлекеттік тілге қатысты басқа да хабарлары үшін тележурналист Нұрсұлу Әубәкіроваға (Солтүстік Қазақстан облысының телеарнасы);
«Қазақ тілі аялдамаларға келгенде сүрінді»…» және «Мейрамханалар мен дүкендердің атауы не дейді» батыл сыни бағдарламалары үшін тележурналист Айгүл Шайхимоваға («Қазақстан – Павлодар» телеарнасы) берілді.
Іс-шара өткен орын: Астана қаласы, сол жағалау,ҚР Ұлттық академиялық кітапхана
Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-05-01, 74-05-10, 74-04-97 (тел/факс);
http://mki.gov.kz/showarticle.php?lang=kaz&id=2920
04.07.2010 at 11:43 am
Жақсы конкурс екен, бірақ неге http://www.qazaq.kz, http://www.namys.kz және басқа да сайттар қатыспады екен. мына екі сайтты қарап шықтым, http://www.kayranelim.kz сайтының движогына қрамастан контенті жаман емес. Өте жақсы депте айтуға болады, ал екіншісі http://www.abyroi.kz не үшін алғанын түсінбедім… Өзедрің қарап шығыңдаршы. Абырой сайты бос тұрған сайт сияқты, себебі ана жанында бірге бірінші орынды алған Қайран елім сайтымен салыстырып қоялық – “Абыройда” қараулар саны 375, ал екінші брінші орын алған “Қайран елім” сайтында 59 мың, форумда “Абыройда” – 5 тақырып ашылған, сол 5 тақырыпты сайт модераторларының жазғандарымен 17 пікір жазылғанғ ана “Қайран елім” сайтында 38 тақырып істеп тұр екен, соларда 2 мың 972 пікір жазылыпты.
Осымен тоқтатайық салыстыруды.. Мына екі сайттардың біреуі отмывка сияқты. Осы туралы Министр Құлмұхамедке жазамын. Ұрлық қой. Сонда http://www.abyroi.kz сайтына тек ашылғаны үшін беріліп отырма ??? Ал мына конкурс қазақ тілін насихаттауға беріледі дейді ғой… Ал Абырой сайтында 1-ая книга, 2-ая книга, 3-ая книга, 4-ая книга, 5-ая книга дегенде ішінде тек кітаптар туралы қысқа ақпарат қана, егер сол жерде интерактивтә оқыту, немесе электрондық оқулық тұрса, түсінікті болар еді, ал жай ғана кітаптың аннотациясы ғана. Бұл сұмдық!!! Ұят ай!!! Әлі де тойған жоқпа осы тіл комитеті??? Алдындағы төрағасы ұрлады деп жазып еді баспасөз беттерінде енді жаңадан тағайындалғаны бастады ма???
Осы туралы Премьер-министр блогы мен Мәдениет министрі блогына жазу керек. Бұл қазақтілді Интернетті дамытпайды, керісінше тұншықтырады.
07.07.2010 at 12:39 am
Durys aitylgan sozder! Ote durys!!!
22.07.2010 at 3:27 pm
Қайран елімді де сайт деп айтуға болама екен? Юкоз шаблондарының атын өзгертіп өзгертіп қоя салған. Оны сайт қатарына қоспау керек. Ал абырой болса нағыз РНР да жасалған сайт.
24.07.2010 at 1:22 pm
It is good that people can take the personal loans and that opens up completely new chances.
27.07.2010 at 4:32 pm
“Қазақ” газеті жазбаса мұндай ақпарды басқа аты дардай “Айқын” сынды газеттерден оқи алмайсың. Қазақ тілінің шын жанашыры “Қазақ”, “Түркістан” сынды газеттеріміз жасасын. Бұл туралы бірде бір газет аузын ашпап еді. “Қазақ” газетінен оқыдық-ау әйтеуір. “Егемен Қазақстан” қысқа ғана ақпар берді. Конкурстың болғанын бәрі біледі-ау, кімдердің орын алғанын білу маңызды. Мемлекеттік тіліміз жасасын!
16.08.2010 at 11:09 pm
Білмейсің бе, абырой.қз деген Мәдиндегі жгттердің сайты ғой,…
03.09.2010 at 9:56 pm
“Үздік газет”, “үздік телеарна” секілді аталымдады қалай іріктейде екен? Несімен олар үздік? Ал, нағыз озат БАҚтар қайда қалмақ? Біреулер шатып-бұтқан бір мақаласы үшін дардай атақ пен сыйлық алады, ал он жыл бойы тілді қақсаған нағыз тілқорлар шетқақпай, бұл кімнің талғау сонда? Кімнің таңдауы, а?