Азаматтық ұстанымның өмірдегі көрінісі

Қызылағаштағы су тасқыны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жазылды. «Апат айтып келмейді» деген халық даналығына сәйкес осы жағдай еліміздің елдігі мен ауызбірлігі сынға түскен сәт болатын.

Елбасының сындарлы саясаты және жылдағы халыққа жолдауы негізіндегі жүзеге асырылып жатқан идеологиялық насихаттың өмірдегі нәтижесінің сыналар тұсы болатын. Осы жағдайда ел бірлігі, ұйымшылдығы және азаматтық ұстанымның жарқын үлгісі көрінді деп есептеуге болады.

Табиғи апат болсын, жеке адамның өмірдегі қиындығы болсын болған жағдайдың кейінгі нәтижесі, тоқтаусыз өмірдің кілт тоқтағанда әрі қарай жалғасуы маңызды. Қиындыққа ұшырағандарға көмектесу кезінде өзгелердің азаматтық ұстанымын, елжандылығын, имандылығын таразылайтын сәт туындайды. Кейде, керісінше, қандай жағдайда болсын жеке бас пайдасына пайдалануға мүмкіндік туады.

Әрине, жалпы айтқанда жеті апаттың бірі – су апаты. Бұл Жаратушыдан адамзатқа жіберілген сынақ. Өмірде адамгершілік, имандылық сыналған тұста сынақтан мүдірмей өту азаматтық ұстанымы берік, елін, жерін сүйетін нар азаматтың көтерер жүгі екендігі даусыз. Ел басына күн туғанда қасқайып қарсы тұрар ерлері бар ел бақытты.

Су тасқынына ұшыраған Қызылағаш халқының негізгі тіршілігі – егін шаруашылығы. Күнкөрісін жерді пайдаланып кәсіп қылып отырған ел үшін бір қарыс жер, жерден шығатын өнімнің маңызы алтыннан да бағалы. Себебі жер – тіршілік, жер – күнкөріс, жер – өмірдің тірегі екендігі ақиқат.

Жеке иелігіндегі 1500 га жерді толықтай ел пайдасына ақысыз, тегін пайдалануға беруі Садырбаев Алмазбек Жұмабекұлы деген азаматтың бір жақсылығы екеніне Қызылағаш сапарында куә болдық. Алмазбекпен таныса келе қарапайым азаматты жаңа қырынан тани түстік. Елге қызмет етер еріміздің бар екеніне қуандық.

Қазіргі уақытта Алматы қаласы, «Нұр Отан» ХДП Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметінде жүрсе де, туған жерінде жеке шаруашылық шаруасын игергені, Алматыға келмес бұрын Талдықорған қаласында «Нұр Отан» ХДП-да және жастар саясатын басқарғаны, Қызылағаш халқына жасаған жақсылығы мақтауға тұрарлық.

1500 га жерге егін егіп, кәсіппен айналысқан адамның өзі табуы мүмкін пайдасын елге тарту етуі ел үшін жасаған азаматтығы деп білеміз. Елбасы партиясында тәрбиеленген партия мүшесінің бойынан табылуы тиісті қасиеттер екендігі даусыз.

Еліміз аман, саясатымыз сындарлы, елді көтерер Алмазбектей ерлеріміз аман болсын!

Шынар Нагиева. ToR.KZ жобасының журналисі

http://shynar.kz/?p=32

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*