Мұхтар Шаханұлы Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Шілік ауылында дүниеге келген. Мамандығы – филолог. 1969 жылы Шымкент педагогикалық институтын бітірген. Әлемге танымал жазушы, қоғам қайраткері Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Жалын» журналының бас редакторы (1986), Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы (1986), 1989-1991 жылдар аралығында КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, 1990-1993 жылдары Республика Жоғарғы Кеңесінің және 2004-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
М.Шахановтың «Өркениеттің адасуы», «Жазагер жады космоформуласы» (Шыңғыс ханның пенделік құпиясы) атты романдары ЮНЕСКО шеңберінде қаралып, әлемдік деңгейде қызу пікірталас тудырды. Оның шығармалары дүниежүзінің 40-тан астам тілдеріне аударылды.
Республикадағы тұңғыш құрылған экологиялық қозғалыс – Арал және Балқаш мәселелері жөніндегі қоғамдық комитеттің төрағасы (1988), 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі аясында қазақ халқына «ұлтшыл» деп кінә таққан КОКП Орталық комитеті Саяси бюросының қаулысына қарсы шығып, сол кездеғі шындықты қалыптастыру жөнінде тұңғыш рет 1988 жылы Қазақстан жазушылар одағының пленумында және 1989 жылы Мәскеуде КСРО халық депутаттарының І-ші съезінде батылдықпен ұсыныс енгізді. Ұсыныс жауапсыз қалды, бірақ белгілі ғалым, Нобель сьтйлығының лауреаты А.Сахаровтың, кейіннен Ресейдің тұңғыш Президенті болған Б.Ельциннің қолдауымен бұл мәселер КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында екінші рет қайта көтеріп, КСРО Президенті М.Горбачевты Желтоқсан оқиғасын зерттеу және оған түбегейлі баға беру жөмінде жаңа комиссия құруға мәжбүрледі. Бұл комиссия КСРО билігі жүріп тұрған кездің өзінде-ақ КОКП Орталық комитетінің Саяси бюросына Одақта бірінші боп саяси айып тақты. М.Шаханов 1926 жылы ислам дінінің қалдығы деген желеумен Кеңестер Одағының тоталитарлық жүйесі тойлауға тыйым салған «Наурыз» мерекесінің 62 жылдан соң қайта салтанат құруына мұрындық болды. 1989 жылы М.Шаханов ұсынысы бойымша қазақ тілі жеке-дара мемлекеттік мәртебе иеленді. Ақын соңғы жылдары «үш тұғырлы тілге» де, тікелей қазақ халқын жоюға алып баратын «қазақстандық ұлтқа» да батыл қарсылық танытып келеді. 1992 жылы М.Шаханов Олжас Сүлейменовпен бірлесіп «Халық конгресі» партиясын құрды. «XXI ғасыр және Руханият» атты халықаралық элита клубының президенті. 2004 жылдан «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы. Қазақ ұлтының құндылықтары мен мүддесін қорғау жолындағы табанды күрескерлігімен ел құрметіне бөленген, барша жүртқа танымал тұлға: М.Шахановтың тағы бір қыры – «Отан біздің ең үлкен анамыз. Әркім өз анасына еткен қызметі үшін жылу дәметпеуі керек. Отан да өзінің дараланған перзенттерін марапаттап отыруы шарт. Бірақ ол өте әділетті түрде шешім табуы тиіс. Қазір елімізде кез-келген заңдастырылған үлкен ұрының екі орден, үш медалі бар, мен солардың қатарында болғым келмейді», – деп өз елінің мемлекеттік сыйлықтарынан бас тартты.
Жұбайы Қаншайым – мұғалім. Ұлдары: Қуаныш – менеджер-экспедитор, Рауан – экономист, Жомарт -студент. Қыздары: Жанерке – мұғалім, Айчурек- оқушы.
Үлгі тұтатын тұлғалары: Абай, Гете.
Жастарға айтар тілегі:
«Бір cәт тежеп арпалысты, кызметтің құлқы үшін
Болсын дайын жойылуға бағыт алған ұлты үшін
Орыстанған жанұяда күресумен тіл үшін
Сын сағатта өз ұлтымен бірге алсын тынысын».
«Ұлтым деп соққан жүректер» өмірдерек-кітабынан
02.07.2010 at 4:56 pm
Мұхтар ағамыздың туған күні құтты болсын!
Аллах Тагалам оған екі дүниенің бақытын нәсі етсін!
Мухтар аға! Аллах Сізге куат берсін! Аминь!
05.08.2010 at 1:39 pm
tugan kuningiz ben huttehtaymen,siz seyahti qazaqteng brturar tulgalare uzaq jasasen.