Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев – 1958 жылы туған. 1980 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың филология факультетін, 2000 жылы Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің заң факультетін бітірген. Филология ғылымдарының докторы, профессор. 1980-1993 жылдары ҚазМУ-да ассистент, аға оқытушы, доцент болып жұмыс істеді.
1993 жылдан дипломатиялық қызметте болды. 1993-1994 жылдары ҚР сыртқы істер министрлігінде бірінші хатшы, бөлім бастығы, 1997-1999 жылдары ҚР Президенті протокол қызметінің бас сарапшысы, 1999 жылы Қазақстан Республикасының Стамбул қаласындағы Бас консулы, 1999-2004 жылдары ҚР Президенті протоколының бастығы, 2004 жылдан 2006 жылға дейін ҚР Президенті протоколының бастығы – ҚР Президентінің кеңесшісі. 2006 жылдың ақпанынан 2007 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 2007 жылдың қаңтарынан ҚР Білім және ғылым министрі.
http://www.edu.gov.kz/index.php?id=613&L=yzsvffokglh