О дүниеден бұ дүниеге дейін және бұ дүниеден о дүниеге дейін

«Жұмыртқа бірінші жаралған ба әлде тауық па?
(жауабы: қайсысы үнсіз сол)

Көзіңізді тарс жұмып, ойсыз күй кешіп көрейін деп талай ойлаған шығарсыз. Адам бірақ ойсыз болмайды. Бәрібір қиялдан бір идея турады. Көмескі ойдан бір санаға сәуле құйылып, адамды арман шыңына еріксіз жетелеп әкетеді. Сол секілді, көз жұмған сәттегі өлі тыныштықты ең алдымен ой бұзса керек. Әлемде ең алдымен үнсіздік жаратылған. Осыған келісесіз бе? Елестетіп көріңізші, Сіз жасап жатқан әлемде, жалпы жер шарында, тіпті ауа, су, ештеңе де жоқ. Ештеңе, тіпті қыбыр етіп бейтарап ұшып жүрген қыл да көрінбейтін өлі тыныштық. Тып-тыныш. Тас қараңғы, тіпті тас қараңғылық та болмаған шығар. Тек тылсым үнсіздік қана хандық құрған. Сол өлі тыныштықты бұзып көктен біртіндеп нұр сәулесі түсті. Иә, көктен. Сәуле ұзаққа созылып барып, тура тірелді. Тірелгені Жер деген жарықтық еді. Жер бетіне түскен әлсіз жарық біртіндеп, ұлғая бастады. Сұп-сұр үнсіздікті шулаған Дыбыс деген құдірет бұзды. Дыбыс та неше түрлі құбылып, ұлғая бастады. Ол түрлі нәрсенің бір-біріне соқтығысуынан еріксіз пайда бола берді. Осылай, бұ дүние деген ұғым жаралды. Тіршілік пайда болды.

Енді сол жаратылған жаратылысты екі топқа бөліп қарау ұғымы пайда болды. Себебі неде? Себебі, оны себеп деуге әсте келмес, өйткені ол сол нұр сәулесі пайда болған сәттен бастап туындаған идея болатын. Қараңғы жерге жарық енгізу ұғымы. Ақ пен қар ұғымы яғни. Бар болған нәрсе ақыр соңы жоқ болумен немесе жылдардың бір жылында қайта пайда болуымен байланысты. Осы нұр құйылған сәттен бастап уақыт өлшемі пайда болды. Яғни уақыт нұрдың созылуымен, ұлғаюымен, тіршіліктің пайда болуы мен желдің шуылына тәуелді қызмет атқарған сәттен басталған-ды. Бұл ретте уақыттың болмауы мүмкін емес. Осы жерде әр нәрсенің өз шегі бар деген ұғым қоса берілді.

Бұ дүние жаралып жатқанда о дүние деген ұғым қоса жаралды. Ол жаралған бұ дүниеміздің мәңгілікке қайта оралуы ол жаралмай тұрып белгіленген, яғни мөлшерленіп жасалған.

Жаратылған өмір құбылыстарын меңгеруге ұғынуға сана керек болды. Қараңғы қапас дүние өз бетімен өмірін сүрер бірақ сол құбылыстардың пайда болуын сезінсін, ұғынсын, тіршілік жасасын деп маңызды рөлді Адамға берді.  Ұлы сезім иесі – Адамды жаратты. Адамға барлық жан-жануарлардан жоғары ақыл берді. Ақылға қоса әртүрлі мінез берді. Ақылмен мінезді қатар ұстап, өзін жақсы қырынан көрсетіп, адал жүрген пендесіне Жұмақ деген ғажайыпты ұсынды. Керісінше, жасағандарға Тозақ деген сұмдықты ұсынды. Ол Құдайдың өз жаратқан ақ пен қараның, жақсы мен жаманның, ненің не кімнің кім екенін білсін, сезінсін дегені еді. Әдетте «Құдай бәрін бірдей етіп жаратты, Кімнің қандай жолмен өмір сүретіні өзіне байланысты» дейді ғой, сол өте дұрыс ұғым. Әрі нақты. Құдай адамға денсаулық, сана-сезім, бәрін тегін берді. Оны адам әрқалай пайдаланады. Мысалы бір адам тісін күтпеді, өзін жөндеп бағытқа сала алмай санасыздықтан ақыры арақтың, болмаса басқа нәпсінің, дүниенің құлына айналады.  Ал осының бәрін кейін Құдай о дүниеде сұрайды деген ой келе ме екен? Уа, пендем, мен саған тіс бердім, оны неге күте алмадың, мен саған сана бердім ғой… деген секілді.

Егер адамда бәрі жақсы болып кетсе онда сол жақсылық деген нәрсенің қадірін білмей кетуі мүмкін еді. Шалқайып, дүниенің құлына айналар ма еді. өлім деген ұғым болмаса, адам шайтанға айналып, бірін-бірі талап, тонап, сана дегеннің қайда қалғанын білмей қалар ма еді, кім білсін?… Құдайын танымаған адамға «Құдай әлі көрсетеді, есебін тапсын», деп жатамыз кейде, ол да дұрыс нәрсе. Құдай деген Ұлы жаратушы. Оған сену, оның бар екеніне шәк келтірмеу керек. Дүние бекер жаралған жоқ немесе сен өмірге бекер келген жоқсың, берген сананы жоғарғы деңгейде меңгер, жаңғырт, оят, қызмет жаса және сол жасаған нәрсеңді адал жаса, көзге көрсетіп, өмірді жақсы жағынан көрсете біл, артыңа із қалдыра біл, артыңдағы келер ұрпақ түңілмесін сенен кейін деп жаратты Құдай. Және солай болатының сезіндіретін ерекше сезім берді. Ол қанағат деген ұлы ұғым болса керек. Өлім деген сұмдық, өмір деген жарықтықпен бірге келген. Бұған қоса, дүние жаратылып жатқанда күлу-жылау, қуану-ренжу, бәрі-бәрі жанама қажетті құралдар, қосалқы бөлшектер болса керек. Ол компоненттер рет-ретімен Өмірге қатыспаса тағы болмайды.

Дүние мәңгі жарық болып неге қалмаған деген ой туатын шығар. Жоғарыда айтқандай, Құдай бәрін қарама – қайшы етіп жаратты. Осы абстракциялық жарық пен қараңғы, жақсылық пен жамандық, өмір мен өлім бәрі қатар жүреді деген жаттанды ұғымдар адам ой санасын әрбір сәт жетілдіріп отыруы тиіс. Солай болады да. Сананың жетілдіруге Арман деген кереметті берді. Ойдың, фантазияның ұлғаюына өте қажетті деталь, жамандық атаулыны жеңіп шығуға адамға жігер, намысты бірге берді. Бақыт пен бақытсыздықтың тағы сол секілді өмір жолдарының алмасып отыруы сондықтан. Арман ұлғайған сайын Адам санасы ояна бастайды. Жасы ұлғайып жетілген сайын жас мөлшеріне байланысты. Қартайған кісінің ақыл-ойы жас баланікі секілді болады дейді ғой. Ол дәл солай. Өйткені, Алла берген ақыл-ой біртіндеп шарықтау шегіне жеткен соң қажиды, шаршайды, қартаяды. Қайтадан сәби қалпына түседі. Ал жас сәбидің ол кезде ақыл-ойы әлі жетілмеген болатын…

(Жалғасы бар…)

Әсел Назаралы

Subscribe to Comments RSS Feed in this post

5 Responses

  1. Әсел Назаралы деген кім? Жақсы жазады екен

  2. Әсел Назаралы деген мен, кім болсаңыз да назар аударғаныңызға рахмет!

  3. Әсел Назаралыны білгің келсе Гуглдагы мақалаларын оқы, бірақ ол қызды таба алмауың мүмкін. рахмет пікіріңе жазып тұр.

  4. Аселя, коп рахмет, !шк! дунинн!н терендигин, акыл-ойыннын тазалыгын корсеттин, омирге келип-кетудин максаты мен манызын аштын!

  5. жігер, намыс,арман ,..бәрі бәрін керемет салыстырған ..енді жалғасын кутеміз әдемі ойлар..

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*