Оңтүстік өңірдегі ауылдарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету мәселесі қаралуда

Оңтүстік өңірдегі газ құбыры кесіп өтетін ауылдық аумақтарды 2010 жылдан бастап жылы көгілдір отынмен қамтамасыз етеміз деген мәселе елді елеңдетіп отырғаны белгілі. Бұл мәселе қалай шешіледі және ол қашан шешіледі ол жағы белгісіз деп күмәнданып отырған жұрт аз емес.

Бар мәселені шешетін «жоғарғы жақтағылар»,- деп қолды бір сілтеп жүре беретін ауыл жұртының ойдағы арманын орындауда «жоғарғы жақ» та қарап қалған жоқ. Түйткілді мәселені шешу үшін рет-ретімен жөнге салып, бақылап, күн сайын қадағалап отыр. Шешілмейтін мәселе жоқ әрине, тек шешу жолын білсе…

Бүгінгі күні жан-жақты «Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлерін газбен жабдықтауды қамтамасыз етудің кейбір мәселесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасының ұсынысы бойынша мемлекеттік орман қорындағы жерлерді алу мәселесі қаралуда.

Осыған байланысты жуырда Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Ауылдық аумақтар істері комитетіне ресми хат жолдады. Яғни, мұндағы шешімін табуы тиіс мәселе, «Қазақстан-Қытай» магистралды газ құбыр мен «Бұқар газды қабат ауданы – Ташкент – Бішкек – Алматы» магистралды газқұбыры арасындағы үш бөгеттің құрылысы үшін жер учаскелерін уақытша беру мәселесі.

Нақты айтқанда,       «Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлерін газбен жабдықтауды қамтамасыз етудің кейбір мәселесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасының ұсынысы бойынша сұралып отырған жерлерінің мемлекеттік орман қоры жер учаскелеріндегі бар-жоғы айқындалмай отыр. Сондай-ақ ұсынысқа қатысты қаулы жобасына сілтеме жасалған. Ал аталмыш комитет қатысты өзге де материалдарға байланысты қаулы жобасының мазмұны бойынша ұсыныс дайындай алмайды. Бұған себеп, мемлекеттік орман қоры жер учаскелеріндегі немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жерлерді сұрау туралы мәселені Ауылдық аумақтар комитеті анықтау қажет. Яғни, магистральді газ құбырын салуға арналған жердің анық-қанығы айқындалмай жатып ол мәселе қолға алынбайды деген сөз. Мұндағы өзекті мәселе ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жерлерге газ құбырын салуды заң бойынша шешу. Ал ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы сұралып отырған жерлер «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 3-тармағына сәйкес арнайы құбыр салу үшін жер алудағы нысаналы мақсатына сәйкеспегендіктен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жерлердегі кез келген қызметке тыйым салынады.

Дәл осы күні жолданған хат ізімен айтқанда, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Ауылдық аумақтар комитетінен жерге орналастыру жобасына қажетті материалдарды мен Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының қорытындыларын, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының қорытындысын, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының жер ресурстары басқармасы бойынша аумақтық органдарының қорытындысын, мемлекеттік экологиялық сараптамалар қорытындысын, санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалар қорытындылары мен

ҚР Үкіметінің 08.10.03 ж. № 1037 қаулысына сәйкес орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеудің есеп-қисабын талап етіп отыр.

Әсел Назаралы,
Астана қаласы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*