Бұрынғы заманның байлары 1-2 айлап бөтен елде жата-жастанып аң аулап құс салып ұзақ сапарға аттанып кететінін тек ертегіден ғана естуші едік. Шындап қарасаңыз, осы күндері де мұндай корольдер бар екен-ау! Таңғалмаңыз! Бізден Сауд Арабиясы Корольдігінің Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Қорғаныс және Авиация министрлігі бас инстпекторы Мұрагер Сұлтан Бен Абдель Азиз аль-Сауд өз жұбайы Ханзада Фахд Бен Сұлтан Бен Абдель Азиз аль-Сауд үшін қыран құс салып аң аулауды ұйымдастыруды сұрап отыр.
Саудтың осы өтініші негізінде Ауыл шаруашылығы министрлігі сирек кездесетін жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін алуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жол берілетін Қазақстан Республикасы Заңнамасының талаптарын ескере отырып, Қарағанды облысының Ұлытау ауданында Ханзаданың қыран құс салып аң аулауын өткізуге болады деп есептейді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы мен Қарағанды облысының әкімдігі де Мұрагер Ханзаданың өтінішін қолдауға болады деп ойлайды.
Бұл орайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін әзірлеуге жек дуадақты табиғаттан алып қоюға биологиялық негіздеменің және Қазақстан Республикасы Қоршаған Ортаны Қорғау министрлігінің мемлекеттік экологиялық сараптамасының оң қорытындысының болуы негіз болып табылады. Ал Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі биологиялық негіздемені әзірлеу кезінде құс олжалаудың ықтимал орындары мен санын, сондай-ақ құс аулауды өткізу мерзімін ескеруі керек. Ендігі ретте осы айтылғандарға байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің жек дуадақ аулауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі шешімін әзірлеу үшін мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті тапсырма берілуде.
Сауд деген король ханзадасымені ұшақтан бір күнде сау етіп жерге түсе қалар деп ойламаңыздар! Алдымен бір-екі ай бұрын нөкерлері мен арнайы барлаушы-бақылаушыларын біздің елге жібереді. Ол нөкерлер бір ай бұрын біздің нөкерлермен бірге бұл жердің қауіпсіздігін, табиғатын, ауа райын, суын, нуын, аң-құсын, қауіпті жыртқыштарының бар-жоғын талдап, тексереді. Аң аулап ұзақ жатуға ыңғайлы орындарын белгілейді екен. Ол туралы мәліметті өз короліне таспаға түсіріп апарып көрсетеді. Содан кейін ол король асықпай баппен отырып шешім қабылдайды. Біздің елге бүкіл ішетін суынан бастап (суымыз жақпай қалуы мүмкін ғой), арнайы тамағын, тамақ пісіретін күтушілерін ертіп, қару-жарағын, шатырын, жабдықтарын артынып-тартынып, тіпті арнайы дәретханасы мен жуынатын ваннасына дейін дайындап, жендеттерімен бір-екі айға көшіп келеді. Оның арнайы аудармашысы, дәрігері, оққағарлары және бар. Саятшылық құру деген оларға арнайы салт, өмірдің ең қызық мәні болса керек. Ондай саятты қолыңнан келсе істейсің, әрине. Бұл да бір ертегі. Әзілдеп айтсақ, еріккеннің ермегі.
Әсел Назаралы
26.07.2010 at 11:25 pm
Бұл рас болған оқиға! Ойнап айтсам да, ойлап айттым, пікір қалдырыңыздар.
31.07.2010 at 3:39 pm
Керемет кызыкты материал екен! Талабын таудай болсын! Қаламын шыңдала берсин курбым! Осындай материалдарды баспасөз беттеринен де жиі корип отырамын!!! Жаксы жазылган!!!
06.08.2010 at 3:55 pm
Жек дуадақтарды аулауды жүргізу туралы тақырып зерттелу үстінде. мақаланың қызықты жалғасы бар.