2/20/2026

Жауапкершілік жүгін арқалаған қызмет: Қызылорда күресіне жаңа серпін

18 ақпанда Қызылордада өткен Алқа отырысы формалды жиыннан гөрі, спорт саласындағы бағыт-бағдарды айқындайтын маңызды кездесуге айналды.

Жауапкершілік жүгін арқалаған қызмет: Қызылорда күресіне жаңа серпін
Qazaq.kzБез категории24 просмотров

Қызылорда облысының Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысы Бақтияр Артаевтың қатысуымен өткен басқосуда 2025 жылдың қорытындылары сараланып қана қоймай, өңір спортының келесі белесі қандай болмақ деген сұраққа нақты жауап ізделді.

Бүгінде облыста 67 спорт федерациясы жұмыс істейді. Оның 22-сі – олимпиадалық, 36-сы – олимпиадалық емес, 6-уы – ұлттық спорт түрлері, ал 3-еуі – параспорт бағыты. Бұл біз білетін сандық көрсеткіш. Алайда жиында мәселе сан емес, сапа туралы болды. Федерациялар тек тіркелген ұйым ретінде емес, нәтиже беретін, жүйе қалыптастыратын институтқа айналуы тиіс екені ерекше атап өтті.

Осы тұста күрес спортына қатысты шешім қабылданып, Республикалық федерацияның ұсынысымен облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті болып Нұрәлі Қожасов тағайындалды. Бұл – жай ғана кадрлық ауыс-түйіс емес, күрес спортының жаңа кезеңге қадам басуының нышаны.

Нұрәлі Әділбекұлының еңбек жолы бір ғана саламен шектелмейді. Ол 2010–2014 жылдары Хабар агенттігі АҚ құрамында продюсер әрі режиссер ретінде танымал тележобалар мен сериалдарды жүзеге асырды. Кейін медиа және кино өндірісі бағытындағы жеке компанияларды басқарды. Білім беру саласында филиалдар директоры қызметін атқарып, кәсіпкерлік тәжірибе жинақтаған. Қазіргі таңда Respublica партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары қызметін атқарады. Яғни оның жұмыс тәжірибесінде креатив, басқару, қаржы, ұйымдастыру қабілеті тоғысқан.

Спорт саласына дәл осындай кешенді ойлай алатын маманның келуі – уақыт талабы. Себебі бүгінгі спорт тек татами мен кілем үстіндегі айқас емес. Ол – инфрақұрылым, маркетинг, демеушілік, медиа көрініс, жасөспірімдер резерві және халықаралық байланыс.

Қызылорда өңірі – қайсар мінезді, намысты спортшыларымен танылған аймақ. Грек-рим мен еркін күрес бұл өңірде ерекше терең тамыр жайған. Жаңа басшылықтың алдында тұрған басты сұрақ – дәстүрді сақтай отырып, заманауи басқару моделін қалыптастыру. Егер тәжірибе мен жүйелілік үйлесім тапса, Қызылорда кілемінен халықаралық ареналарға шығатын чемпиондар саны арта түсері анық. Бұл тағайындау – бір адамның қызметке келуі ғана емес. Бұл – жауапкершілік жүгін арқалаған сенім. Ендігі нәтиже уақыт еншісінде.

0 комментариев

Комментарии

Пока нет комментариев. Будьте первым!

Читайте также

Смотреть еще